22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Жармахан Тұяқбаев елден жария түрде кешірім сұрауы керек…” – Тұрсын Жұртбай

    Өзінің ғұмыр тарихын, Алаш идеясының санасына қалай енгенін, тілдің мәселесін сөз еткен алаштанушы алдағы кезектен тыс президент сайлауына қатысты өз ойын ашық айтты.

    Еліміздегі кезектен тыс президент сайлауының дүбірлі датасы таяған сайын ұлт қайраткерлері, ақын-жазушылар, зиялы адамдар айтысып қалуда, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Qamshy.kz сайтына сілтеме жасап.

    –Әй, айналайындар! Жансыз қуыршақ та сахнаға шығады ғой. Жансыз қуыршақ солай кейіп танытады ғой. Қайда? Қосановтан басқалары қайда? Олар не үшін түсіп отыр?, – деп ашына сауал тастады Тұрсын Жұртбай.

    Алаштанушы азаматтың ойынша, қазіргі таңда саяси аренада жүрген барша оппозиционерлерді отставкаға жіберу қажет. Өйткені, олар да ұрандатып қана қалуды, науқанда ғана бой көрсетуді сәнге, ғадетке айналдырып алған-мыс.

    –Жармахан Тұяқбаев қайда? Бірінші президент өз өкілеттілігін аяқтай сала “өз миссиямды атқарып болдым” деген желеумен орнын тастап жүре берді. Ел алдындағы жауапкершілік деген болуы тиіс қой. Осы уақытқа дейін мыңдаған халықты артына ертіп келді де, нағыз кесіп түсетін кездік болар тұсында жылыстап кетті. Ол осы ісі үшін елден жария түрде кешірім сұрауы керек, – деді қаһарына мінген алаштанушы ағамыз.

    Ол ел азаматтарының да сауаты төмендігіне, ұлттық болмыстың қалыптаспай келе жатқанына қарны ашатынын білдірді.

    – 30 жасқа дейінгілер – түгел орыстанған, санасы құлдықтағылар. 30 бен 50 арасындағылар – дүдәмал күйде қалғандар. Енді жаңа ұрпақты жөнді тәрбиелеу керек, – деп төтесінен тартқан жазушы өз өмірінен бірнеше мысалдар келтірді.

    қатысты посттар

    Ресей думасы Путинді өмір бойы “қылмыстық қудалаудан құтқаратын” заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Фариза

    Коронавирустан емделіп шыққан Елбасы елге үндеу жасады

    Фариза

    “Өскемендегі СИЗО-ға алып кеткен” Қытайдан шекара бұзып келген екі қазаққа сот қамауға алу туралы шешім шығарды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.