-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада бағдарлама аясында 8 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен пандемиямен күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және аймақтың экономикалық ахуалы жөнінде брифинг өтті.

    аймақ басшысы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының өңірде жүзеге асырылу барысын айтты.

    «Мемлекеттік бағдарлама аясында 37 млрд. теңгені құрайтын 276 жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде облыста 9299 жаңа жұмыс орындары құрылады. Бүгіннің өзінде 7 768 адам жұмысқа орналасты», — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    Жобалар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаңғыртуға, әлеуметтік нысандарды, көшелер мен жолдар салуға және жөндеуге бағытталған.

    Ең бастысы,  жобаларды жүзеге асыруда пайдаланылатын тауарлар мен қызметтердің 90 пайызы отандық өнімдер.

    Жол картасы аясында облыстағы шешімін таппаған маңызды мәселелер шешімін табады деп күтілуде.

    Мысалы:

    • Қызылорда қаласында (Жезқазған трассасы бойынан 600 орындық мектеп құрылысын салу) 1500-ге жуық мектеп жасындағы балалар жақын жерден мектепке қатынаса, Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектептің құрылысы 400-ге жуық мектеп оқушыларының темір жолдан өтпей, қауіпсіз маңдағы мектепке қатынауына мүмкіндік береді;
    • көкөніс-бақшалық өнімдердің суаруылуына, күріш өсіретін жерлердің аяқ сумен қамтылуына мүмкіндік жасалатын болады;
    • облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар 174,1 км автомобиль жолы және 3 көпір жөндеуден өтеді. Бұл өз кезінде облыс аумағындағы жол инфраструктурасының дамуына, орта және кіші кәсіпкерліктің дамуына септігін тигізетін болады.
    • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында, атап айтқанда, су құбыры, кәріз желілері қайта жаңартылып, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету,  газ құбыры, жылу, электр желілері қайта жаңартылады.

    Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар мен балалар ойын алаңдары, спорт нысандарының құрылысы аялдама және көшелер жарықтандырылып, аулалар абаттандырылады.

    қатысты посттар

    Қармақшы ауданы: 40 жоба, 800 жұмыс орны

    Фариза

    Қызылордада 8,5 мыңға жуық кәсіпкер медициналық сақтандыру жарналары мен аударымдарынан босатылды

    Фариза

    Ербол Назарбаев Антикордағы қызметінен кетті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.