22 C
Алматы
Сенбі, 4 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

    Қызылорда облысында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы қарқынды жүруде . Бұл жұмыстар пандемия кезеңінде азаматтарды жұмыспен қамтуға септігін тизіуде

    Аталған бағдарлама аясында әлеуметтік-мәдени объектілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын жөндеу жұмыстары жұмыс орындарын құру арқылы жүргізілетін болады.

    2020 жылы жол картасы аясында Қызылорда облысында 276 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, бүгінгі күні оның 275-і іске асырылуда.

    Жоба аясында 9 299 жұмыс орнын ашылуды көздеген жобалар бойынша қазіргі таңда 6 718 жұмыс орны ашылды.

    Атап айтқанда:

    – Қызылорда қаласында 98 жоба бойынша жұмыстар басталып, 2 724 азамат жұмыспен қамтылды.
    – Арал ауданында барлығы 16 жоба іске асырылуы жоспарланса, нақты жұмысқа орналасқандардың саны – 505 азамат.
    – Қазалы ауданында 42 жобадан 41-і басталды. Нақты жұмысқа орналасқандардын саны – 1059 адам.
    – Қармақшы ауданында 29 жоба бойынша жұмыстар басталып, 163 азамат жұмыспен қамтылды.
    – Жалағаш ауданында 18 жобаның барлығы басталып, 539 азамат жұмысқа қабылданды.
    – Сырдария ауданында 18 жоба бойынша жұмыстар басталып, 321 азамат жұмысқа қабылданды.
    – Шиелі ауданы бойынша барлық 21 жоба бойынша жұмыстар басталды. 649 азамат жаңа жұмыс орындарына қабылданды.- Жаңақорған ауданында 23 жоба іске асырылуда болса, 539 азамат жұмысқа қабылданды.
    Жұмыскерлердің санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтау үшін барлық аудандар мен Қызылорда қаласында мобильдік рекруттік пунктер құрылды.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында елді-мекендерге қосымша 36 мобильді топ қосылды

    Фариза

    Алматыда оркестр маршы өтті

    Фариза

    Мешіт имамын әйел, бала-шағасының көзінше сабап кетті (видео)

    Пікір қалдыру

    2 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.