-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Халық жайдан-жай ашуға берілмейді“ Пәтерге екі рет кіріп “СОБР” таба алмаған педофилді халық өзі тапқан

    СӘТБАЕВ ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚ НЕГЕ АШУЛЫ БОЛДЫ?
    ПОЧЕМУ РАЗГНЕВАЛСЯ НАРОД В САТПАЕВЕ?

    Сәтбаевтағы оқиғаға қатысты барлық видеоларды көріп шықтым. Халықтың полицияға деген ашуы бекер емесін өзім де білетінмін. Біріншіден, зорлыққа күдіктіні полиция емес халықтың өзі тауып алды. Оқиға орнына шақырылған «СОБР» екі рет қызды ұстап отырған пәтерге кіріп, таба алмаған. Бұл қалай болғаны? Қыз баланы жиналған жұртшылық пәтерге бұзып кіріп, өздері тапқан. Қызды жасырып қойған. Қалайша «СОБР» пәтірге екі рет кіріп таба алмайды? Әлбетте осындай сорақылықтан соң полицияға сенім қайдан болады?!

    Ал егер адамдар осылайша табандылық танытып, подъезді күшпен басып алмағанда, пәтерге өздері кірмегенде не болар еді? Қыздың тағдыры не болар еді? Бұл жерде біз полицияның дәрменсіздігі мен кәсіби деңгейінің төмендігін және халықтың батыл әрекетінің ақталғанын анық көріп отырмыз.
    Одан кейін оқиға орнына әлдебір полиция бастығы келді, ол бір ауыз сөзді дұрыс айта алмай отыр, жұрт оның мас екенін айтып айқайлап жатыр. Қалайша қылмыс орнына аузыңнан арақ исі мүңкіп, аяғыңнан әрең тұрып, сөйлей алмайтын жағдайда келуге болады?!
    Сондықтан, халықтың ашуы Полиция басқармасында ақтарылды. Біздің халық жайдан-жай ашуға берілмейді.

    Мұхтар Тайжан

    қатысты посттар

    Шымкентте 22 адамды егеуқұйрық тістеп алды

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда құқық қорғау қызметкерлерінің тұрғынды аяусыз ұрған әрекеті видеоға түсіп қалды

    Фариза

    «Ондай адамды ана деп айта аламыз ба?» Қызын зорлаған өгей әкені қорғаған әйел жаға ұстатты (видео)

    Пікір қалдыру

    11 − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.