11 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Желіде полицейлердің атыраулық «діндарды» ұстау сәтінің видеосы тарады

    Күдікті есірткі заттарын сақтап, терроризмді насихаттаған

    Атырау облысының полицейлері есірткі сатумен айналысқан жергілікті тұрғынды ұстады. Күдікті дәстүрлі емес діни ағымның өкілі болған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyk-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Облыстық Полиция департаменті Діни экстремизмге қарсы күрес басқармасының мамандары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерімен бірге шұғыл ұстау операциясын жүргізіп, 1988 жылғы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Сондай-ақ, дәстүрлі емес діни бағытты ұстанған.

    Күдіктіні тінту барысында одан синтетикалық есірткі, діни әдебиет және жарылғыш зат жасауға арналған компоненттер табылған. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Сонымен қатар, оған терроризмді насихаттады деген де айып тағылды. Қазір ол қамауға алынған.

    қатысты посттар

    Оралда мас күйде жол апатына ұшыраған полиция бастығы қамаудан босатылды

    Фариза

    Қазақстанның жас өнерпазы Ресейдің танымал әншілерін аузына қаратты (видео)

    Боянуға құмар тақия киген қуыршақ жігіт жұрттың ашуына тиді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.