31.3 C
Алматы
Суббота, 26 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Ақмола облысында антисептик ішіп қойған 5 жасар қыз бала көз жұмды

    Ақмола облысы Сандықтау ауылында бес жасар қыз бала антисептик тауып алып, оны ішкеннен кейін көз жұмған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

    Сандықтау аудандық ауруханасында хабарланғандай, демалыс күні бес жасар қыз бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Бүлдіршін клиникалық өлім жағдайында болыпты. Дәрігерлер адреналиннен бастап жасанды тыныс беру процедурасы сияқты қолдан келгеннің бәрін жасаған.

    Бірақ ауруханаға түскен сәттен отыз минуттан кейін бүлдіршін көз жұмған. Белгілі болғандай, қыз бала 27 жастағы туысымен үйде қалған. Анасы жұмысқа кеткен, ата-анасы ажырасқан. Қараусыз қалған бойда қыз сөреге шығып, ішінде антисептик бар бөтелкені тауып алған. Болжам бойынша, ол сұйықтықты шырын деп ойлап, ішіп қоюы мүмкін. Бұл іс бойынша қазір тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Еске салсақ, бұған дейін дәрігер-терапевт, дерматолог Лариса Алексеева жиі қол жуу мен антисептиктерді қолданудың қаупін айтқан еді. Оның сөзінше, қолды жиі сабындап жуу мен антисептиктерді қолдану тері иммунитетін сақтайтын флораны кетіруі мүмкін. Сонымен қатар ресейлік фармаколог дәрігер Игорь Федоров үй жағдайында антисептик жасамауға шақырған болатын. Маманның айтуынша, үйде спиртті дұрыс мөлшерде қосып, дұрыс үйлестіре алуыңыз екіталай.

    қатысты посттар

    Ішкі істер министрлігі 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

    Алматыда Қытай консулдығы алдында пикет өткізіп жүрген тағы бір белсенді қамалды

    Фариза

    «Рамазан айының 15 күні қатты қорқынышты дауыс келіп, көп адам өліп кетуі мүмкін» Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат қаншалықты рас?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.