Суббота, 26 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сыр елінің өнімдері 12 елге экспортталуда

    Биыл Қызылорда облысында 184 739 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары
    егілді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек
    Нұрымбетов мәлімдеді.

    «Дәнді дақылдар өткен жылы 97,5 мың га, мал азықтық дақылдар 60,2 мың га,
    картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың гектарға егілсе, ал биыл дәнді дақыл 1736 гектарға, мал
    азықтық дақылдар 2 094 гектарға, картоп, көкөніс және бақша дақылдары 79 гектарға
    артты. Бұған қоса, облыста алғаш рет егістікті әртараптандыру бағытында перспективалы
    дақылдар қант құмайы 80 гектарға, соя 170 гектарға, жүгері дақылы 1 507 гектарға дейін
    жеткізілді. Сондай-ақ, ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар аграрлы
    жерге күздік бидай дақылы егілді», – деді Сейілбек Серғазыұлы.

    Қазіргі таңда, облыста 5 түрлі ауылшаруашылығы өнімі эскпортталуда. Бұл
    өнімдер әлемнің 12 мемлекетіне экспортталып келеді. Сонымен қатар, Ресей еліне де
    қарбыз, қауын, көкөніс өнімдері жіберілуде.

    қатысты посттар

    «Тоқаев, саяси реформа туралы уәдең қайда?» Алматыда «Демпартияның» рұқсат етілген митингісі өтіп жатыр (фоторепортаж)

    Фариза

    Қызылорда қаласының дәріханаларына 400 қорап дәрілік заттар жеткізілді

    Фариза

    Алматыда әуежай мен тағы алты нысанға «мина қойылды» – Полиция департаменті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.