5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында 2019 жылғы күріш өнімінің тоннасына субсидия төленуде

    2019 жылы Қызылорда облысының бірқатар шаруашылықтары «Басым
    дақылдарды субсидиялау» бағдарламасына бөлінген қаражаттың толық игерілуіне
    байланысты субсидия ала алмай қалған болатын.

    Осыны ескере отырып, Қызылорда облысының әкімдігі тарапынан Қазақстан
    Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар жолданып, қолдау тапты.
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30
    наурыздағы №107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын
    арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2019 жылдың
    төртінші тоқсанында өңдеуге өткізілген күріш тоннасына субсидия төленетін болады.

    Субсидия нормасы Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылдың 18 маусымындағы №56 «Басым дақылдардың тiзбесін және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, өңдеуге өткізілген күріштің әр тоннасына 3500 теңгеден белгіленді.

    2020 жылғы шілде айының 21 жұлдызынан бастап «Басым дақылдар өндірісін
    дамытуды субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдер Qoldau.kz веб-порталы арқылы
    қабылдау басталды.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық барысы бақылауда

    Фариза

    Qazweek.kz ақпарат агенттігінің ҚР заңдары туралы деректер базасы

    Фариза

    Өңірлерден жұмысқа келген жастарға үйді жалға алу үшін көтерме жәрдемақы енгізіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + fifteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.