Қызылорда облысындағы Қазалы аудандық «Жанқожа батыр» атындағы орталық
мешіттің бас имамы Берік қажы Сүлейменов Қазалы ауданаралық ауруханасына 2 оттегі
концентраторын табыстады.
Берік Мәдиұлының айтуынша, 8 тыныс алу аппаратын сатып алу үшін ауданның
тұрғындары біркісідей атсалысқан.
«Берекелі іске ұйытқы болған инстаграмдағы @kazaly_365 парақшасы екенін айта
кеткен орынды. Ауданымыздың тұрғындары мен сыртта жүрген жерлестерімізден
жиналған қаражатқа Түркиядан 2, Қытайдын 6 оттегі аппараты сатып алынды. Түркиядан
алған аппараттарымыз келді. Ал, Қытайдан алған аппараттар 4-5 күндікте келеді. Бұдан
бөлек, бір қарындасымыз 500 медициналық маска, бір азамат 50 арнайы кастюм берді.
Бұларды да аудандағы медициналық мекемелерге таратамыз», – деді Берік қажы
Сүлейменов.
Сондай-ақ, бұл күні Қазалы теміржол ауруханасына 150 дана медициналық маска
мен 15 қорғаныш кастюмдері табысталды.