19.7 C
Алматы
Понедельник, 9 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте эпидемиологиялық ахуал тұрақталып келеді

    Шымкент қаласында 2020 жылғы 21 шілде күнгі мәлімет бойынша 4453 COVID-19 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте 43 вирус жұқтырғандар тіркеліп,  өсім  1 пайызды құрады. Жазылып шыққан науқастар саны — 2770. Яғни, 62 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында баяндады.

    Селекторлық режимде өткен жиында әкім қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында инфекциялық және провизорлық стационарларда қысқа мерзімде қосымша 3 050 төсек орны ұйымдастырылып,  орын саны 3 860- қа жеткізілген. Оның ішінде 650 инфекциялық, 3 210 провизорлық төсек орын. Олардағы реанимациялық 30 төсек-орын саны 151 орынға дейін ұлғайтылғанын атап өтті.

    Бұдан бөлек, қала басшысы қаладағы ауруханаларға қосымша 58 ИВЛ аппараты мен 250 «Бобров» тыныс алу аппараттары және 26 реанимациялық мониторлар алынған. Реанимациялық орынның 88,7 пайызы немесе 134 ИВЛ аппараттарымен қамтылған. Кислородпен қамтылған орын саны 861-ге немесе жалпы орынның 22,3 пайызына жеткізілгенін айтты.

    Мұрат Әйтенов тұмау мен өкпе қабыну белгілерімен жедел жәрдем шақырушылар саны 26,6 пайызға азайғанын, стационарларда ем алушылар саны 31,5 пайызға төмендегенін, стационарлардағы төсек орынның жүктемесі    90,3 пайыздан 47,5 пайызға дейін кемігенін хабарлады.

    Г.ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаменті және ЛА-155/4 мекемесі басшылығы Ұлы отан соғысының тыл еңбеккерін, Ауған соғысының және Тәжік-ауған шекарасындағы соғысқа қатысқан интернационалист-жауынгерлерін 9 – мамыр Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: 6 АЙДА 110 МИЛЛИАРДҚА ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

    Фариза

    Жамбылдағы ауылдық аймақтарда «Салауатты ауыл» жобасы басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.