Понедельник, 27 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте covid-19 бырыңғай ақпараттық порталы іске қосылды

    Шымкент қаласында коронавирус туралы нақты ақпарат тарататын арнайы сайт ашылды. Мұнда  қала тұрғындары КВИ бойынша жедел статистикамен таныса алады. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Т.Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте айтып өтті.

    Сайтта COVID-19, пневмония және ЖРВИ — мен ауыратын науқастар саны, тәулік ішінде ауруханаға түскен және  емделіп шыққан науқастар саны туралы ақпарат жарияланады.  

    «Тұрғындар COVID-19 бырыңғай ақпараттық порталына кіріп ауруханаларда және провизорлық орталықтардағы реанимациялық төсек-орындардың науқаспен қамтылу деңгейін көре алады. Интернет ресурста ақпараттар күн сайын жаңартылып отыратын болады. Сонымен қатар онда дәрігерлердің қатысуымен  бейне-брифингтер өтіп, аурудың алдын алу, оның белгілері және сақтану ережелері туралы мағлұмат береді. Сондай-ақ сайтқа кіре отырып, медициналық мекемелер мен провизорлық орталықтардың  мекен-жайлары мен телефондары туралы ақпаратты  табуға болады»,-деді Т.Варзилов.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте қоғамдық көліктер электрондық төлемге қашан көшеді?

    Фариза

    Шымкентке 800 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылады

    Фариза

    Қызылорда облысында 12 мыңнан аса зейнеткердің зейнетақысы үйге дейін жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.