Воскресенье, 18 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: мұнай өңдеу зауыты медицина қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетті

    «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС   мен «Шымкент – қайырымды қала» әлеуметтік қорымен бірлесе Covid-19 инфекциясымен күрестің алдыңғы сапында жүрген медициналық ұйымға гуманитарлық көмек көрсетті.

    Аталмыш компания өкілдері № 2 қалалық ауруханаға қарасты провизорлық станционарға 10 мың медициналық бетперде мен 1000 қорғаныш кастюмдерін тарту етті.

    Жұқпалы індетпен күресте ерен еңбек етіп жүрген дәрігерлерге  алғысын білдірген серіктестік өкілі Ринат Ақбердиев компания тарапынан  алдағы уақытта тағы да қолдау болатынын жеткізді.

    Айта кетейік, бүгінде қаладағы   провизорлық орталықтарда  3610 төсек-орын болса, оның

    260-сы осы №2 қалалық аурханаға қарасты. Бүгінгі таңда мұнда 200  науқас  ем қабылдап жатыр. Бұл орталық қажетті  дәрі-дәрмектер мен тыныс алу  қондырғыларымен толық қамтылған. Қала әкімдігі тарапынан провизорлық станционарға қосымша 6 ИВЛ аппараты жеткізілген болатын.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

    Фариза

    Қызылордада жол салу жұмыстары қарқынды

    Фариза

    Ермак Сәлімов Семей қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі арнайы бағдарламасын таныстырды

    Пікір қалдыру

    4 + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.