Понедельник, 24 февраля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ АЯСЫНДА 7 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН

    Қызылорда облысында «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы қарқынды жүруде . Бұл жұмыстар пандемия кезеңінде азаматтарды жұмыспен қамтуға септігін тизіуде

    Аталған бағдарлама аясында әлеуметтік-мәдени объектілерін, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын жөндеу жұмыстары жұмыс орындарын құру арқылы жүргізілетін болады.

    2020 жылы жол картасы аясында Қызылорда облысында 276 жобаны жүзеге асыру жоспарланып, бүгінгі күні оның 275-і іске асырылуда.

    Жоба аясында 9 299 жұмыс орнын ашылуды көздеген жобалар бойынша қазіргі таңда 6 718 жұмыс орны ашылды.

    Атап айтқанда:

    — Қызылорда қаласында 98 жоба бойынша жұмыстар басталып, 2 724 азамат жұмыспен қамтылды.
    — Арал ауданында барлығы 16 жоба іске асырылуы жоспарланса, нақты жұмысқа орналасқандардың саны — 505 азамат.
    — Қазалы ауданында 42 жобадан 41-і басталды. Нақты жұмысқа орналасқандардын саны — 1059 адам.
    — Қармақшы ауданында 29 жоба бойынша жұмыстар басталып, 163 азамат жұмыспен қамтылды.
    — Жалағаш ауданында 18 жобаның барлығы басталып, 539 азамат жұмысқа қабылданды.
    — Сырдария ауданында 18 жоба бойынша жұмыстар басталып, 321 азамат жұмысқа қабылданды.
    — Шиелі ауданы бойынша барлық 21 жоба бойынша жұмыстар басталды. 649 азамат жаңа жұмыс орындарына қабылданды.- Жаңақорған ауданында 23 жоба іске асырылуда болса, 539 азамат жұмысқа қабылданды.
    Жұмыскерлердің санитарлық-гигиеналық нормаларын сақтау үшін барлық аудандар мен Қызылорда қаласында мобильдік рекруттік пунктер құрылды.

    қатысты посттар

    10 жыл бұрын жоғалып кеткен «маугли қыз» ата-анасын танымай отыр

    Қызылорда: Медициналық ұйымдарға 32,2 млрд теңге төленді

    Фариза

    Көпбалалы аналар мен ардагерлерге жеңілдік беріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    16 − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.