-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы эпидемиологиялық ахуал талқыланды

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық
    режимде Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласының эпидемиологиялық ахуалы
    бойынша мәжіліс өтті. Аудан әкімі Мұса Қалдарбеков пен ҚР Президентінің «Байқоңыр»
    кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Жасұлан
    Абатов атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

    Коронавирус індеті бойынша осы уақытқа дейін Қармақшы ауданыныда 103
    жағдай тіркелді. Оның ішінде 95 азамат емделіп шықты. Қалған 8 адамның 4-уі
    инфекциялық стационарда, 4-уі үй жағдайында емделуде.

    Пневмония диагнозымен 349 науқас тіркелген. Оның ішінде 223 адам жазылды.
    Қалған 126 азаматтың 98 провизорлық стационарда ем қабылдаса, 28 жеңіл жағдайда
    болғандықтан үйде емделуде.

    Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласындағы медициналық ұйымдарда 5
    рентген аппарат, 11 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ), 18 оттегі концентраты, 110
    оттегі баллоны бар. Мұнымен қоса, Қармақшы ауданына демеушілік есебінен 5 оттегі
    концентраты, ал, Байқоңыр қаласына 2 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) мен 5
    оттегі концентраты жеткізіледі деп жоспарлануда.

    Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласында қазіргі күні 30 инфекциялық, 220
    провизорлық стационар ұйымдастырылған. Алдағы уақытта қажеттілік туындаған
    жағдайда қосымша Қармақшы ауданында 50 орындық, Байқоңыр кешенінде 50 орындық
    провизорлық стационар ашылатын болады.

    Жиында облыс әкімі ауданда провизорлық, инфекциялық стационарларды
    көбейтіп, індетке қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

    «Пневмания мен коронавирус індеті өршіп тұр. Тұрғындардың денсаулығын
    сақтау үшін дәрілік заттардың, аппараттардың жеткілікті болуын қатаң бақылауға
    алыңыздыр. Провизорлық, инфекциялық стационарлардың санын көбейту керек.
    Жергілікті дәрігерлердің Байқоңыр қаласындағы Ресей Федерациясының білікті
    мамандарымен тәжірибе алмасуына жағдай жасалсын. Медицина мекемелерін қажетті
    заттармен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіңіздер. Денсаулық сақтау басқармасы
    жалпы облыс бойынша қосымша дәрігерлердің резервтік тобын жасақтап қойсын. Сақтық
    шараларын сақтауға шақыратын ақпараттандыру жұмыстарын күшейту керек», – деді
    облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

    қатысты посттар

    Қызылорда қаласының шет аймақтарына залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    Қызылордада суық су бағасы арзан

    Фариза

    Қайрат Құдайберген адамдарды «Дикий Арманның» төңірегіне топтасуға шақырған – прокуратура

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen + five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.