12 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордаға Өзбекстаннан гуманитарлық көмек жетті

    Бүгін Қызылорда облысына Өзбекстаннан гуманитарлық көмек келіп жетті.
    «Ақниет» ЖШС арқылы 240 мыңға жуық медициналық зат әкелінді. Онда емдеу
    мекемелеріне қажетті медициналық қолғаптар, қорғаныш киімдер, арнайы көзілдіріктер
    бар. Бұл заттар облыстағы барлық ауруханалар мен емханаларға сұраныстарына қарай
    бөлінеді. Бұған дейін осындай көмек Қытай мемлекетінен де келген болатын.

    «Әлемді алаңдатқан пандемияға байланысты мемлекет тарапынан ауқымды
    ұйымдастыру шаралары жүргізілуде. Барлық емхана, дәріханаларды дәрі-дәрмекпен, жеке
    қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету жұмыстары іске асып жатыр. Қазір облыстағы
    емханалар мен ауруханаларда жеке қорғаныш құралары мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті.
    Гуманитарлық көмектің үлкен саяси мәні бар. Жуырда көршілес Қытайдан келсе, енді
    тарихымыз, тамырымыз үзілмеген Өзбекстаннан келуде. Қай кезде де қиындық елді
    қиыстырады. Таласқаннан емес, жарасқаннан бірігеміз. Сондықтан мұндай уақытта
    әрқайсымыз біріге отырып, індетті жеңіп шығамыз», – деді облыс әкімінің орынбасары
    Наурызбай Байқадамов.

    Шетелден келген көмектің емдеу нысандарына дұрыс жеткізілуі де қатаң
    бақылануда.

     

    қатысты посттар

    Тұтынушыларды электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу үдерістерін жақсартуға бағытталған құқықтық түсіндіру жөніндегі Түркістан облысындағы дөңгелек үстел

    Фариза

    Қызылордада жыл басынан бері 300-ден аса азамат құқықтық кеңес алды

    Фариза

    Елордалық жас сарбаздар Шекара қызметіне мерзімді қызмет атқаруға аттануда

    Пікір қалдыру

    4 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.