19 C
Алматы
Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында мобильді бригаданың саны 161-ге артты

    Аймақ бойынша емханалар жанынан құрылған барлығы 161 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде. Айта кету керек, бұған дейін мобильді бриагаданың саны 125-ті құраған.

    Науқастарға амбулаторлы жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында бақылау жасау үшін мониторингтік топ ұйымдастырылып, оның 33-і қалада, 28-і аудан орталықтарында және 100-і елді мекендерде халыққа қызмет көрсетуде.

        Мобильді топ құрамына 1 дәрігер, 1 орта буын қызметкері және 1 жүргізуші кіреді.

    Одан бөлек, ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап пневмония диагнозы қойылып, амбулаторлы емді қажет ететін науқастарға «Үй жағдайындағы стационар» қызметі қосылған болатын. Бүгінгі таңда аталған қызмет 7 БМСК ұйымында (№1,6 қалалық емхана, «Сенім» ЖШС, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандары және «Қазалы теміржол» ЖШС) іске қосылған.

    қатысты посттар

    Жалағашта спорт мектебі күрделі жөндеуден өтуде

    Фариза

    Карантин: Қызылордада 3500-ден астам кәсіп иесіне ескерту жасалды

    Фариза

    Қызылорда: Апатты жағдайда тұрған Жиделі су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.