22 C
Алматы
Жұма, 10 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордалық жастар автоволонтерге айналды

    Қазір індетті жеңуге әрбір адам өзіндік үлес қосып жатыр. «Бүгінгі күннің
    батыры» – дәрігерлер де, тәртіп сақшылары да, жомарт кәсіпкерлер мен жалынды жастар,
    мейірімді волонтерлер игі істерді қолға алып, жанға қуат, көңілге медет сыйлауда.

    Қызылорда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан әлеуметтік дүкен
    де жұмысын жалғастыруда. Қор қаладағы қолы ашық тұрғындардың көмегімен вирусқа
    қарсы дәрі-дәрмектермен толықты. Орталықтың бөлім басшысы, қайырымдылық көмекті
    үйлестіруге септесіп жүрген Сымбат Әбдрахманова қазірдің өзінде 100-ден аса тұрғынға
    қажетті препараттар үлестірілгенін айтады. Оның ішінде 58 қарт адамға, 45 мүмкіндігі
    шектеулі жандар бар.

    «Кең пейілді кемімес. Қазір Сыр жастары, еріктілер қолынан келгенше көмекке
    келуде. Бүгін де олар қайырымдылық шараларының басы-қасынан табылды. Бірі
    ауруханаларға қажетті оттегі баллондарын тасымалдады, енді бірі мұқтаж жандарға дәрі-
    дәрмек жеткізуге кірісті. Орталықтағы әлеуметтік дүкеннің ашылғанына көп бола қойған
    жоқ. Алайда, осы бастаманың, жомарт жандардың көмегінің нәтижесінде біраз жұмыс
    атқардық. Мейірімділік шарасы әлі де жалғасын табады. «Оң қолың бергенді сол қолың
    көрмесін». Дегенмен, біз әлеуметтік желідегі орталық парақшасына көрсетілген көмекті
    жариялап жүрміз. Мақсат – тұрғындардың толассыз қолдауы арқылы өзге жандарға ой
    салу. Барлығымыздың да қолымыздан көмектесу келетінін көрсету. Тек материалдық
    тұрғыда емес, моральдық тұрғыдан да. Жақсы іс, әрбір жылы сөз – жанға қуат деп
    білеміз», – дейді ол.

    Сонымен қатар қазір орталық жанынан осы көмекті тікелей жеткізуге
    атсалысатын автоволонтерлар қозғалысы құрылды. Бүгінге дейін 20-ға жуық тұрғын өз
    еркімен тіркеліп, жақсылыққа жұмылған. Қорға қажетті дәрі-дәрмектерді әкеліп өткізу
    қиындық тудырса немесе хабарласқан азаматтың жағдайына байланысты дәрі-дәрмекті
    тікелей жеткізу қажет болса автоволонтерлар оны өз көлігімен тасымалдайды.
    Қуантарлығы, індет уақытында өзгеге көмектесуді міндет деп білетін жастар қатары
    күннен күнге көбейіп келеді. Қала тұрғыны Темірлан Жұбан да еріктілер сапына жақында
    қосылған. Сағатбек Сиюов та игі іске кірісті.

    «Квант» ЖШС мекемесінен орталық автобусымен ауруханаларға оттегі
    баллондарын жеткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Облыстық жұқпалы аурулар,
    темір жол, облыстық өкпе аурулар ауруханасына және «Қорқыт ата» атындағы ҚМУ-нің
    жатақханасының ашылған провизорлық станцинарына барлығы 42 дана оттегі баллондары
    жеткізілді.

    Бұдан бөлек, орталықта психологиялық қызу желі іске қосылған. Ахуалдан
    қажыған тұрғын хабарласып, психолог көмегіне тегін жүгіне алады.

    Шынында, осындай сәтте психологиялық қолдаудың маңызы зор. Орталықтың
    бөлім басшысы, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы, тәжірибелі
    психолог Сымбат Әбдрахманованың бастамасымен вебинар өткізу қолға алынды.
    Маңызды мәселені арқау еткен онлайн шараны Біріккен ұлттар ұйымының ұлттық
    тренері, біздің орталықтың волонтері Жұлдыз Төрәліқызы жүргізіп, 60-қа жуық
    қатысушының сан сауалына жауап берді. Қазір еріксіз үйіне қамалғандардың бірі
    жалғыздықтан жабырқаса, енді бірі ұйқысы қашып, алдағы уақытта не болады деп
    уайымға салынған азаматтар. Ал, жағымсыз жаңалықтарды жүрегіне жақын қабылдайтын
    адамдарға психологтар ақпарат ағынын барынша азайтуға кеңес беруде.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барды

    Фариза

    “Жау ұшақтарын талқандаған батыр 22 жаста болды” Талғат Бигелдиновтың көз жұмғанына бес жыл

    Қызылордада есепте тұрған азаматтар жәрмеңке арқылы жұмысқа орналасты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.