21.9 C
Алматы
Среда, 30 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысына Түркиядан өкпені жасанды желдету аппараты жеткізілді

    Бүгін Түркия елінен Қазақстанға гуманитарлық көмек пен 30 өкпені жасанды
    желдету аппараты (ИВЛ) жеткізілді. Оның ішінде аппараттың 10 данасы Қызылорда
    облысына берілді.

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Тасбөгет кентінде
    орналасқан облыстық фтизиопульмонология орталығына барып, Түркия елінен келген
    өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараттарын табыстады.
    Аппараттың үшеуі облыстық фтизиопульмонология орталығына берілді. Ал
    қалған жетеуі өңірдегі өзге ауруханаларға жеткізіледі.

    Айта кету керек, Түркия үкіметімен бірге қазақ қауымдастығының өкілдері де
    елімізге қолдау көрсетуде.

    Жоғарыда аталған орталықта 120 орындық инфекциялық стационар
    ұйымдастырылған. Оның ішінде 6 төсек жансақтау бөлімі болып ашылған. Бүгінгі таңда
    стационарда 111 науқас ем алуда, оның 4 жансақтау бөлімінде. Тағы 9 азамат облыстық
    көпбейінді және қалалық ауруханадан ауыстырылатын болады. Айта кету керек,
    Қазақстандағы «Вi-group» құрылыс компаниясы 10 оттегі концентратын
    фтизиопульмонология орталығына сыйға тартқан.

    қатысты посттар

    «370 кг болатын 18 500 қорап» Қытайдан елімізде тыйым салынған дәрілер әкелінген

    Фариза

    Сәби жабайы аңдар мен қоқысқа толы жерде 2 күн бойы жалғыз қалған (фото)

    Сырдария ауданындағы «Жылыжай» жобасын инвесторлар жүзеге асырмақ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.