22.2 C
Алматы
Воскресенье, 8 июня 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жаңақорған ауданындағы ауруханаға 2 дана өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты сатып алынды

    Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықованың тапсырмасына сәйкес «Шалқия
    Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорнының демеушілігімен Жаңақорған ауданаралық
    ауруханасындағы, жұқпалы аурулар бөліміндегі провизорлық стационарға құны 37,4 млн
    теңге тұратын VG70 маркалы 2 өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты жеткізілді.

    Медициналық аппарат электр қуаты сөнген жағдайда 30 минутқа дейін
    аккумулятор арқылы жұмыс жасайды және 7 түрлі режимде жұмыс жасау ерекшелігі бар.
    Сондай ақ, «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорны тарапынан арнайы сақтық қорғаныш
    киімдері, пульсоксиметр (пульспен қанға келіп тұрған кислород мөлшерін анықтайтын
    аппарат) және дәрілік заттар берілді.

    Кәсіпорын жуық арада демеушілік көрсету мақсатында аурухана тарапынан
    берілген тізім бойынша өте қажетті дәрілік заттарды әкеліп беру келісілгендігін
    хабарлады.

    қатысты посттар

    «Жұбайының өртенген денесін көмген әйел бұл істе шикілік бар деп санайды.» Шуда полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс бола жаздады

    Жәрмеңкенің басты бренді: Сырбойылықтар бас қалада 146 тонна ақталған күрішті саудаға шығарды

    Фариза

    Алматыдағы тәртіпсіздікке қатысқандардың ішінде жазықсыз ұсталғандар бар – ІІМ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.