Воскресенье, 15 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Басшылық арыз жаз деді» Диас Ахметшәріп Денсаулық сақтау министрлігіндегі қызметінен кетті

    Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп қызметінен кетті. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    «Бүгін менің денсаулық сақтау министрлігіндегі соңғы жұмыс күнім. Басшылық арыз жаз деді. Жаздық. Ер адамның басынан не келіп не өтпейді. Хош. Ең алдымен барлық журналист әріптестеріме алғысымды білдіремін. Талай еңбек атқардыңыздар!

    Артық кеткен кездерім болса — кешірім сұраймын!!!!

    Барлық еңбегім — тек халқым үшін.

    Ауырмаңыздар! Коронавирусты жеңіп шығайық.

    Денсаулық Сақтау министрлігіндегі әріптестеріме, барлық дәрігерлерге, медперсоналға тек қана шыдамдылық пен жеңіс тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!», — деп жазды Диас Ахметшәріп.

    қатысты посттар

    «Наконец-то»… коронавирусты көп күткен Бекшин, көп ұзамай қызметтен кетті

    Фариза

    Жалақысы 80 мың теңгеден төмен барлық адам салықтан құтылады — Президент кеңесшісі

    Фариза

    Тоқаев өзінің күйеу баласын жоғары лауазымды қызметке тағайындады

    Пікір қалдыру

    two + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.