22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Миллиондардың сағатын тағып, киімін киген шенеуніктер жұмыстан кетеді

    Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды.

    Оған сәйкес мемлекеттік қызметкерлер және олардың жұбайларының табысы мен шығысының айырмашылығы үшін түрлі айыппұл төлеп, жұмыстан босатылуы белгіленген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Марат Ахметжанов заң жобасын Мәжіліс депутаттарына таныстырып, кей тұстарын түсіндіріп өтті.

    “Мемлекеттік қызметшінің шығысы мен кірісін салыстырамыз, егер айырмашылық 1 мың АЕК-тен (3 млн 63 мың теңге) асып түссе, онда артық ақшаның 90 пайызына айыппұл салынып, мемлекетке қайтарылады. Ал егер шенеуніктің кірісі мен шығысының айырмашылығы жылдық табысынан асып түссе, онда ол мемлекеттік қызметтен 3 жылға босатылады. Мемлекеттік қызметшіге осы шығындарының заңдылығын дәлелдеуге мүмкіндік беріледі”, — дейді Марат Ахметжанов.

    Оның айтуынша, аталған жаңашылдықты енгізу жалпыға бірдей декларация аясында 2027 жылға жоспарланған. Себебі 2025 жылы еліміздің барлық азаматтары өзінің табысы бойынша есеп береді. Ал 2026 жылдан бастап адамдардың табысы мен кірістерінің айырмашылығын салыстыру басталады.

    қатысты посттар

    Алматыда “Oyan, Qazaqstan!” белсендісін үйінен полицияға әкеткен

    Фариза

    Ақтауда үйі тінтілген белсенділердің екеуі 48 сағатқа қамауға алынды

    Фариза

    Облыс тұрғындары карантин кезінде Алматыға жұмыс істеуге кіре алмайды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.