Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЗАҢСЫЗ ДӘРІ САТУДЫҢ 23 ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

    Өңірде дәрілік заттардың сатылуына мониторинг жүргізу барысында заңсыз дәрі-дәрімек сатудың 23 дерегі анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ішінде, 11-і заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, дәрілік заттарды жоғары бағада сатқан. Бұл туралы Қызылорда облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс -қимыл басқармасының бастығы Ерболат Төреахметов мәлімдеді.

    — Аймақта «Дексаметазон» дәрілік препаратының (инъекцияға арналған ерітінді) бір ампуласы 1500 теңгеден сатылған. Қазіргі таңда аталған дәрі-дәрмектің тегін берілуге жататына немесе нақты сатылу бағасы туралы эксперттердің қатысуымен тексеру жүргізілуде,-деді Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тергеу басқармасының басшысы Ардақ Биғалиев.
    Мұнан өзге, облыс дәріханаларының бірінде Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрінің сату фактісі анықталды.

    — «Осельтамивир-Акрихин» дәрісі вирусқа қарсы препарат болып саналады. Департамент қызметкерлері жасырын сатып алушы ретінде дәріханаға барып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында сатып алынған дәрінің бір қорабы 8 521 теңгеден , жалпы сомасы 25563 теңгені құрады. Аталған факт тіркеу кітабына тіркеліп, жинақталған материал облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді,-деп түйіндеді Ардақ Мұхамбетұлы.

    қатысты посттар

    Алматы облысында шенеуніктер майдангер ақынның қабірі орналасқан жерді жекеменшікке берген

    Фариза

    Жаңақорған аудандық ауруханаға көмек көрсетілді

    Фариза

    Ауыр қаза… “Balapan” арнасы бір балапанынан айырылды

    Пікір қалдыру

    five + 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.