12 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жақсылық жаршысы: Қызылордаға тағы да 54 оттегі концентраторы келді

    Қызылорда облысына #жақсылықжаршысы акциясы аясында тағы да 54 дана
    оттегі концентраторы жеткізілді. Бұл аппараттардың қаржысы белгілі блогер Дәулет
    Мукаев және айтыскер ақын, қоғам белсендісі Айнұр Тұрсынбаеваның инстаграм
    парақшасындағы оқырмандар тарапынан жиналған, сондай-ақ «BIGroup» компаниясының
    тартуы.

    Оттегі концентраторларының 16-сы Дәулет Мукаевтың «DAULETTEN
    қайырымдылық қоры», 16-сы Айнұр Тұрсынбаеваның «Айдың нұры қоры» арқылы
    алынса, 22-сі «BIGroup» компаниясының қаржысына алынған. Айта кету керек, «Айдың
    нұры» қоры арқылы келген 16 аппараттың 10-ы қызылордалық «Қыран» компаниясының
    тапсырысы (Бұл оттегі концентраторлары Жаңақорған ауданындағы ауруханаларға
    жіберілді).

    Кұрылғылар «Атамекен» ҰКП қолдауымен «PONY_EXPRESS_KZ» логистикалық
    компаниясы және «Air Astana» әуекомпаниясы арқылы еліміздің барлық өңірлеріне
    жолданды, соның ішінде Қызылорда облысына 54 данасы келіп отыр.
    Оттегі аппараттарын Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының мамандары
    күтіп алып, қоғамдық бақылау мүшелері мен жоғарыда аталған азаматтардың өкілдеріне
    табыстады.

    Айта кетейік, «Жақсылық жаршысы» акциясы аясында өткен шілде айында
    Қызылордаға 9 аппарат келген болатын. 9 аппараттың басым бөлігі Қызылорда
    қаласындағы ауруханаларға таратылды. Бұл жолы барлық аппараттар Байқоңыр қаласы
    мен 7 аудандағы ауруханаларға арналады. Соның ішінде:

    – Арал ауданына – 10 дана;
    – Қазалы ауданына – 5 дана;
    – Байқоңыр қаласына – 8 дана;
    – Қармақшы ауданына – 2 дана;
    – Жалағаш ауданына – 6 дана;
    – Сырдария ауданына – 5 дана;
    – Шиелі ауданына – 5 дана;
    Жаңақорған ауданына – 13 дана.

    «Жақсылық жаршысы» акциясының негізгі міндеті мұқтаж жандар, медициналық
    мекемелер, сондай-ақ көмектескісі келетін азаматтар арасындағы байланыстырушы көпір
    болу.

    қатысты посттар

    Қызылордада 12 канал тазартылады

    Фариза

    2022-2025 жылдары Қазақстанда 62 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

    Фариза

    Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалады – дереккөз

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.