Понедельник, 17 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордадағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді

    Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен
    қауіпсіздігін бақылау департаменті №6, №4, №1 қалалық емханаларда, «СҚ-Фармация»
    жауапкершілігі шектеулі серіктестік қоймасында, қаланың 24 дәріханасында мониторинг
    жүргізді. Бұл облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті және
    фармацевтикалық бақылау бөлімінің бастығы Нұрбек Әділханов мәлімдеді.

    «Мониторингтің 4 күнінің қорытындысы бойынша №6, №4, №1 қалалық
    емханалар жоғарыда көрсетілген нозология бойынша МӘМС жүйесінде амбулаториялық
    деңгейде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттармен қамтамасыз етілгендігі анықталды.
    Қазіргі таңда 24 дәріхананың бірнеше дәріханасында кейбір дәрілік заттар жоқ, дегенмен
    дәрілік заттар күн сайын жеткізілуде», – деді ол.

    Айта кетейік, облыста мониторингтік топ жұмысы 31.07.2020 жылға дейін
    жалғасады.

    қатысты посттар

    Әскердегі сарбаздарға ақшалай сыйақы, кредиттік каникул берілу мүмкін

    Фариза

    Тоқаевтың күйеу баласы Ата заңға түзету енгізілгеннен кейін қызметінен босатылады

    Фариза

    Қазақстанда жүктілік пен босануға байланысты жәрдемақы көлемі ұлғаюы мүмкін

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.