-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: ХҚО-ның қызметтеріне өтінішті қашықтан беруге болады

    Қызылорда облысының бас санитар дәрігердің шешіміне сәйкес, коронавирус
    инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында облыстардағы халыққа қызмет көрсету
    орталықтары қысқартылған кесте бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар халыққа
    қызмет көрсету орталығына бару үшін кезек уақытын алдын ала брондау қажет. Осыған
    байланысты Азаматтарға арналған үкіметөзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «қағаз»
    жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтер бойынша өтінішті ЕGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтан беру мүмкіндігін қарастырды.

    Енді «Электронды өтініштер» сервисі арқылы электрондық форматта қолжетімсіз
    әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтініш беруге болады: жасына
    байланысты зейнетақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан
    айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы
    жәрдемақылар тағайындау және т.б.

    Таяу арада бұл тізім тағы 6 қызметпен толықтырылады деп жоспарлануда, оның
    ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлем тағайындау, асыраушысынан айырылу
    жағдайында әлеуметтік төлем тағайындау және т.б.Өтініш беру үшін азамат электрондық
    цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz сайтына кіруі керек. Одан кейін «Электрондық
    өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі қажет. Содан кейін жеке
    ақпаратты, оның ішінде пошта мекенжайын, телефонды, қызмет атауын және т.б.
    толтыруы тиіс.

    Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшірмелері (қажет тізімді 1414 байланыс
    орталығынан немесе gov4c.kz сайтының «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімінен
    нақтылауға болады), қызмет алушының еркін үлгіде жазылған және қолтаңбасы қойылған
    өтініші қоса жүктелуі қажет. «Қабылдаушы» деген жергеқызмет алушының тіркелген жері
    бойынша аймақтық мемлекеттік орган таңдалуы тиіс.

    Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайлары
    үшін әлеуметтік төлемдер қызмет үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» аймақтық
    филиалын, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша
    Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша аумақтық
    бөлімшелері көрсетілуі тиіс. Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қою керек.

    Егер азаматтың жолдаған өтініші бойынша сұрақтар туындаса, мемлекеттік
    корпорацияның қызметкерлері қызмет алушыға өтінімді толтыру барысында көрсеткен
    ұялы телефонға хабарласады.

    қатысты посттар

    Атамқұлов баспананың арзандайтынын мәлімдеді

    Фариза

    10 соттық жерді алу үшін өтінішті қалай береді

    Фариза

    Қызылордада 123 көлік заңдастырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.