19 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА 107 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛУДА

    Аудан аумағындағы жалпы 258 ауланың, қазіргі таңда 107-і Абай ауданы әкімі аппараты
    тарапынан абаттандырылуда. Сонымен қатар, спорт алаңшалары орнатылуда. Оның ішінде
    «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде республикалық бюджет трансферті есебінен
    аулаларды абаттандыруға 1 780 819 мың теңге бөлінген. Бұл ретте Абай ауданы бойынша жалпы
    66 аула абаттандырылады (мердігер мекемелер – «Ынтымақ бес арыс» – 22 аула, және Бюлд
    Строй» ЖШС – 44 аула).

    Одан бөлек, жергілікті бюджет есебінен 41 аула қайта жаңартылып, балалар ойын алаңшасын
    орнату жұмыстарына 637 млн. 441 мың теңге қаржы қаралған. Маусым айында басталған
    жұмыстар шілде айының соңында аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда (мердігер мекеме
    «Андас груп» ЖШС – 17 аула, «Әлем энерго строй» ЖШС – 16 аула, «Қайназар» ЖШС – 8 аула).

    Сонымен қатар, аудан аумағындағы 8 елдімекенге ашық спорт алаңшасы орнатылуда, жоба құны
    – 131 млн. 525 мың теңге. Шілде айының пайдалануға берілетін 6 спорт алаңшаны – «Әлем энерго
    строй» ЖШС, 2 алаңшаны «Айком» ЖШС жүргізуде.

    Жалпы, аудандағы 50 ашық спорт алаңшаның 24-нің жөндеу жұмыстарына 114 млн. 478 мың
    теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күнде оның құрылысы аяқталып, қабылдау жұмыстары жүргізілуде
    (мердігер мекеме – «Айком» ЖШС).

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шу ауданында ветеринарлық жұмыстары айрықша назарға алынған

    Фариза

    Шымкент әуежайы: Конкурс нәтижесі бүгін белгілі болады

    Фариза

    Семейде балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтеді

    Пікір қалдыру

    4 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.