8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада дәрі-дәрмектердің бағасы тұрақты бақылауда

    Қызылорада облысында денсаулық сақтау субъектілеріндегі дәрі-дәрмектің
    жетіспеушілігін болдырмау мақсатында облыстық тауарлар мен көрсетілетін
    қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, денсаулық сақтау
    басқармасы, экономикалық тергеу департаменті мен кәсіпкерлік және туризм басқармасы,
    фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту ассоциациясы мен құқық қорғау және
    арнайы органдар қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінен құрылған
    мониторингтік топ жұмысын бастады.

    Мониторингтік топтың жұмысы дәріханалардың сөресінде тапшы дәрілердің
    тізбесін жасақтап, өңірге жылдам әкелу үшін тиісті шаралар қабылдау.
    Жұмыс жоспарына сәйкес топ мүшелері №6 қалалық емханасына, «Еврофарма»
    ЖШС, «Доктор Плюс», «Доктор Плюс Аман», «Доктор Плюс 2» және «Фармсервис»
    ЖШС мен №1, № 50 дәріханаларына барды.

    Нәтижесінде №6 Қалалық емхана тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
    көлемі шеңберінде амбулаториялық тегін дәрі-дәрмек қорымен толық қамтамасыз етілгені
    белгілі болды. Ал, жоғарыда аталған дәріхалардың екеуінде біршама дәрілік заттардың
    жоқ екені анықталды. Аталмыш дәріханалар қоры апта соңына дейін толықтырылатын
    болады. Жалпы, бұйрықпен белгіленген шекті бөлшек сауда бағаларының асып кету
    фактілері анықталған жоқ.

    қатысты посттар

    Қазақстанда жыл соңына дейін ет пен жұмыртқа бағасының өсуі күтілуде

    Фариза

    Қызылорда облысының Сырдария ауданында жаңа жоба іске асырылуда

    Фариза

    Қызылорда облысында 44,2 млрд. теңгені құрайтын 3 жобаның құрылысы басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.