21 C
Алматы
Жұма, 10 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы кедендерінің арасындағы өзара алмасу жосықсыз СЭҚҚ қадағалайды»

    Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-саттық үшін қолайлы жағдайлар жасау және кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында қазіргі таңда екі елдің кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар бойынша экспорттық декларациялардан алынатын мәліметтермен өзара алмасу жолға қойылған.

    Салыстырып тексеру ісі қиын емес. Ол фискальдық тәуекелдерді дер кезінде бағалауға көмектеседі және қазақстан-өзбек шекарасы арқылы тасымалданатын тауарлардың кедендік құнын төмендетіп көрсетуді анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға, көліктердің жылдам өтуіне ықпал етеді.

    2020 жылдың 1 жартыжылдығында Өзбекстаннан келген 11 734 экспорттық декларациялардың мәліметтерін салыстыру Қазақстанда берілген импорт бойынша 1036 кедендік декларацияларда сәйкессіздіктерді анықтады.

    Мемлекеттік кірістер комитеті, тауарлар шығарылғаннан кейін кедендік бақылауды жүргізе отырып, кедендік құнын төмендетіп көрстеу белгілері болған кезде, халықаралық сұраныстар, оның ішінде Өзбекстанға жібереді. Алынған жауаптардың арқасында тауарлардың кедендік құнын қасақана төмендетіп көрсетумен инвойстар мен экспорт декларацияларын алмастыру фактілері анықталды.

    Мысалы, «Сарыағаш бекеті» (Өзбекстан) кеден бекеті арқылы дара кәсіпкерлер жалпы салмағы 3,6 мың тонна және құны 920 мың АҚШ долларын құрайтын «көкөністер, жемістер» тауарларын мәлімдеген. Алайда құны 5 млн. АҚШ долларын құрайтын экспорттық декларациялар мен инвойстарды (Өзбекстан) салыстырып тексеру, 5 есе кемітіп көрсеткенін немесе кедендік құнынан 4,1 млн. АҚШ долл. ауытқуын анықтады.

    Кедендік тексеру бойынша бұл ДК бойынша қоса есептеулер сомасы 197 млн. теңгені құрады. 236 «Кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарын төлеуден жалтару» және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Экономикалық контрабанда» 234-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік белгілері бар материалдар құзіреттілігі бойынша Экономикалық тергеу қызметіне (ЭТҚ) жіберілді.

    2019 – 2020 жылдар үшін Комитет тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік құнды бақылау шеңберінде 53 тексерудің нәтижелері бойынша 1,1 млрд. теңге сомасында кедендік төлемдер мен салықтарды есептеді. 32 СЭҚҚ қатысты тексерулер ісі қаралуда, олар бойынша құны 9,8 млн. АҚШ долларын құрайтын сәйкессіздіктер анықталды.

    Өзбекстан Республикасымен өзара сауда айналымының көлемін және жолға қойылған өзара алмасуды ескере отырып, Комитет жосықсыз СЭҚҚ анықтау аясын кеңейтіп, көрші елдердің кедендік статистикасының деректерін салыстыру құралын пайдалануды одан әрі жалғастырады.

    К. ҚАПАЛ.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР МҰҚТАЖ ЖАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

    Фариза

    Шымкент: «Тепличный рай» агро-индустриялды аймағының құрылысы басталды

    Фариза

    Жаңақорған ауданындағы 2 провизорлық орталық жабылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.