14 C
Алматы
Жексенбі, 5 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада мониторингтік топ құрылады

    Аймақта денсаулық сақтау субъектілерін дәрілік заттармен қамтамасыз ету
    мақсатында мониторингтік топ құрылады. Бұл туралы Қызылорда облысының Бас
    мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

    «Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша коронавирустық инфекция
    және жедел респираторлы вирустық ауруының алдын алу және облыс тұрғындарының
    қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаулы қабылданып, бүгіннен бастап күшіне
    енеді. Яғни, мониторингтік топ дәріханалық ұйымдарда, амбулаториялық-емханалық
    көмек көрсететін медициналық ұйымдарда, инфекциялық, провизорлық және карантиндік
    стационарларда дәрілік заттардың болуын қадағалап, күн сайын мониторинг жүргізеді», –
    деді Әлия Мүтәліпқызы.

    Айта кетейік, дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері бойынша 8-(7242)-40-
    00-01 телефон нөмірі бірыңғай Call-орталық болып белгіленген.

    қатысты посттар

    Қашықтан оқыту: Қызылорда облысында жергілікті және республикалық бюджет қаражатынан компьютерлік техникалар алынуда

    Фариза

    Отбасыны жалға алу: Жалғыз жандарға арналған жаңа қызмет түрі

    Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seventeen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.