19.2 C
Алматы
Воскресенье, 18 мая 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    Назарбаев қанынан вакцина жасайтыны туралы сөз рас па: Ақпарат министрлігі жауап берді

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қан плазмасынан коронавирусқа қарсы вакцина әзірленіп жатқаны туралы ақпарат желіде желдей есіп жүр. Осыған байланысты ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді, деп хабарлайды Qazweek.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

    «Назарбаевтың қан материалдарынан коронавирусқа вакцина әзірлеу туралы интернетте таралып жатқан  ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

    Уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу мәніне сәйкес осы ақпартақа тиісті сараптама жүргізу және оның одан әрі таралуына жол бермеу жөнінде барлық шаралар қабылдау тапсырылды», — делінген ресми хатта.

    Сондай-ақ, азаматтардан әлеуметтік желілерде тарап жатқан жалған ақпаратқа алданбауды және тек ресми дерек көздеріне сенуді сұрады министрліктің баспасөз қызметі.

    Естеріңізге саламыз, жалған ақпарат таратқан тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

    қатысты посттар

    ҚР Сыртқы істер министрі ДХР мен ЛХР тәуелсіздігі туралы пікір білдірді

    Фариза

    БҚО-да «10 жастағы оқушының зорланғанын жасырды» деп айыпталған директор 3 жылға сотталды

    Фариза

    Қостанай облысында туған жездесін бауыздап өлтірген боксшы қылмыстық жазаға тартылмады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.