4 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Арал: «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарлама аясындағы жұмыстар басты назарда

    Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев «Жұмыспен қамтудың жол картасы»
    мемелекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Абай көшесін
    абаттандыру жұмыстарын бақылап өтті.

    Аудан басшысы ең алдымен 2005 жылы таза ауыз суды ашу рәсімінде Елбасы
    Н.Ә.Назарбаевтың табаны тиген алаңды абаттандырып жатқан жұмысшылармен кездесті.
    Одан әрі Абай көшесінде жағалай тізбектелген, гүл егуге арналған қоршауларды орнату
    және көшелерді жөндеу жұмыстарына куә болды.

    Қызу жүріп жатқан жұмыс басында болған аудан әкімі мердігерлерге жол жөндеу
    жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы»
    республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен арнайы келісім-шарт жасалғанын ескертіп,
    өздеріне жүктелген міндеттерін сапалы, мерзіміне сәйкес жүзеге асыруды ескертті.
    Сонымен қатар жоба барысында жұмыссыз аудан тұрғындарын халықты
    жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы жұмысқа тартуды қатаң тапсырды.

    Айта кетейік, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК алдағы күндері
    аудан көлемінде төселіп жатқан асфальт құрылысымен танысып, сапасына тексеру
    жұмыстарын жүргізетін болады.

    қатысты посттар

    Мұғалім мамандығын «әлсіз» түлектер таңдап жатыр – Аймағамбетов

    Фариза

    Қармақшыда 50 жылдан астам жұмыс істеген трансформатор қайта жаңғыртылуда

    Фариза

    Қызылордада 500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.