Қазіргі таңда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерде электронды түрде жолақысын төлеу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы Қызылорда Автобус паркі хабарлады.
– Электронды билет жүйесіне көшуде сараланған тарифті енгізу – уақыт өлшемі және жолаушыларды қолма-қол ақшасыз (электронды) төлем әдісін таңдауға ынталандырудың экономикалық әдісі. Яғни, көлік карталары, банктік карталар, SMS төлемдер, 4 мобильді қосымша, NFC смартфондарын пайдаланғаны үшін төлем (жолақысы) – 90 теңге, қолма-қол 150 теңгеге жуық болады. Қазақстанның көп қалаларында (Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау, Талдықорған және т.б.) электронды билеттер енгізілген, сондай-ақ қолма-қол ақшамен төлем жоғарылатылған тариф енгізілген. Сондықтан, осы заманауи және перспективалы қызметке түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген хабарламада.