-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫН КӨТЕРГЕНДЕРГЕ 100 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

    Шымкент қаласы әкімдігінде қалада инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты халыққа дәрі-дәрмек қаншалықты қолжетімді болып жатқандығы жөнінде қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Ләззат Қашқынбаева және Шымкент қаласы бойынша Фармацевтика қауымдастығының төрайымы Хадиша Әлжанова БАҚ өкілдеріне арнайы сұхбат берді.

     

    Ең алдымен, Ләззат Рысымбекқызы дәрі-дәрмек туралықала тұрғындары арасында аздап дүрлігу болып отырғанын алға тартып, осы жағдай жөнінде пікірін білдірді.

     

    – Бүгінде қаламызда ЖРВИ, пневмония және тұмаудың басқа да түрлерімен ауырғандар саны көбеюде. Осы себептіхалық рецептсіз босатылған дәрілерді жаппай сатып алуда. Бұл дұрыс емес. Дәрілердің мерзімі мен сақтау жолдарыбар. Егер ол дұрыс сақталмаса, адам ағзасына кері әсер етеді. Сондықтан дәрілерді, мейлінше, дәрігердің нұсқаулығымен сатып алу керек. Осы ретте қаламызда дәрі тапшылығы туралы шағым түспегенін, алайдадәріханаларда дәрілердің тез таусылып жатқаны туралыақпараттар келгенін айта кетейін. Яғни қоймаларда дәрілер бар, бірақ дәріханаларға жеткен соң, тез таусылып қалуда. Қалада 730-дай дәріхана бар. Оның 60%-ы үлкен, қалғаны – кіші дәріханалар. Кіші дәріханаларда дәрілердің қоры аз болады. Ал үлкен компаниялардың дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Қазіргі таңда біз 77 дәрінің түріне мониторинг жүргіздік. Соның ішінде 240 мың қаптамада (упаковка) парацетамол бар екеніне көз жеткіздік. Сондай-ақ, дәрігердің нұсқауынсыз берілетін өзге де дәрілердің жеткілікті екенін білдік, – деді департамент басшысының орынбасары.

     

    Бұдан бөлек, Л.Қашқынбаева дәріханалардағы бағаның өсіп кетпеуіне мониторинг жүргізетіндіктерін алға тартты. Оның айтуынша, 2019 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 104-бұйрығымен 6191 дәрілік заттардың түріне шектеулібағалар көрсетілген. Егер дәріхана иелері осы шектеудіескермей, дәрілердің бағасын негізсіз көтеретін болса үлкен дәріханаларға 100 АЕК, ал кіші дәріханаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылордада 405 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

    Фариза

    Жамбыл облысында педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай жас ғалымдар арасында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

    Фариза

    Қызылорда облысы тұрғындарына қажетті көмірдің 86 пайызы жеткізілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.