17 C
Алматы
Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Шалғайдың шешілмеген мәселесі – басты назарда

    Шалғайдағы шағын аудандардың инфрақұрылымын басты назарға қойған
    Мұрат Әйтенов инженерлік инфрақұрылым мәселелері бойынша мәжіліс
    өткізді.

    Шымкент қаласы бойынша 53 шағын аудан шалғайда орналасқан. Бүгінде
    бұл аймақтарда инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
    Мәселен, Тұран, Батыс, Ынтымақ-2, Жаңатұрлан, Асар-2 шағын аудандарын
    сапалы ауызсумен қамту бойынша бюджеттен 5 миллиардқа жуық қаржы
    бөлініп, тиісті шаралар атқарылуда. Жыл соңына дейін Игілік, Қызылжар,
    Тәуелсіздікке – 20 жыл, Көкбұлақ, Абдулабад, Өтеміс, Базарқақпа шағын
    аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, тұрғындар ауызсуға қол
    жеткізеді.

    Бұдан бөлек, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы
    басшының міндетін атқарушы Н.Жаманкөз 2025 жылға дейін шаһардағы 41
    шағын ауданға сапалы электр қуаты тартылатынын жеткізді. «Биыл 12
    нысанға қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүруде. Жыл соңына дейін 7
    нысанның құрылысы аяқталып, 14 мыңға жуық адам сапалы электр
    қуатымен қамтылады» – деді ол.

    Сонымен қатар, кәріз жүйесін тарту бойынша 4 нысанда құрылыс жұмыстары
    жүруде. Жыл қорытындысымен бір магистралдық кәріз коллекторының
    құрылысы аяқталып, 12 мың халқы бар 5 шағын аудан (Тоғыс, Жыланбұзған,
    Елтай, Бадам, Маятас) кәріз жүйесіне қосылады.

    Ал 2025 жылға дейін қаладағы 40 шағын аудан табиғи газ жүйелерімен
    қамтамасыз етілетін болады. Келер жылы 2771 тұрғын үйге табиғи газ жүйесі
    тартылып бітеді.

    АГРС-3 нысанының құрылысы аяқталса, өндірістік және әлеуметтік
    нысандарды үздіксіз, сапалы табиғи газбен қамтамасыз етуге жағдай
    жасалынады.

    Жиынды қорытындылаған Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов:
    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың тұрмысын
    жақсарту бойынша нақты тапсырмалар бергені белгілі. Сондай-ақ,
    шалғайдағы халық кездесу кезінде инженерлі инфрақұрылым мәселесін алға
    тартады. Жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін сондағы тұрғындар сапалы
    инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін бақылауға алыңдар» – деп, тиісті сала
    басшыларына жұмысты жандандыруды тапсырды.

    қатысты посттар

    Шымкент: 17 мыңға жуық ірі қара малға энзоотикалық жұмыстар жүргізілді

    Фариза

    Жамбыл облысында «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді

    Фариза

    Шымкентте өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) шығарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.