-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қармақшылық кәсіпкерге үш жылдан бері ала алмай жүрген 5 млн.теңгесі төленетін болды

    Қызылорда облысында Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі кәсіпкердің ақшасын 3 жылға жуық уақыт төлемей келген.

    Қармақшылық «Байтерек-Групп+АА» ЖШС-і 2017 жылдың тамыз айында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жариялаған конкурсында жеңімпаз деп танылып, ауданда 5 млн.28 мың теңгеге автокөлік тұрағын салу жұмысын жүргізуге міндеттеледі.

    Кәсіпкер мемлекеттік тапсырыс негізінде алған жұмысын дер кезінде орындап, 2017 жылдың желтоқсан айында тапсырыс берушіге, яғни аудандық бөлімге объектіні қабылдау үшін орындалған жұмыстардың құжаттарын жолдайды.

    Бар проблема осы жерден басталады. Тапсырыс беруші, нақтырақ айтқанда Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі кәсіпкердің жасаған жұмысын қабылдамай, веб-портал арқылы орындалған жұмыстар актісі уақытылы бекітілмей, тиісті шартты төлемей қояды.

    Осы аралықта аталмыш бөлімде төрт басшы ауысып, әр кезде мәселе жаңадан қаралып, аяқсыз қалып отырады.

    Амалы таусылған кәсіпкер Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрап, заңгерлер 2019 жылдың мамыр айынан бастап бір жылға жуық уақыт бойы кәсіпкерге құқықтық кеңес беріп, құжаттарын әзірлеп, сотта заңды мүддесін қорғады.

    Бұл жердегі мәселе мемлекеттік органның кәсіпкерді әуре-сарсаңға салғанында. Жасалған жұмыстың не кемшілігін айтпайды, не қабылдау актісіне қол қойып бермейді. Кәсіпкерлер палатасына жүгінемін дегенше кәсіпкер бірнеше рет аталмыш бөлімді сотқа береді. Алайда құқықтық тұрғыда жеткілікті деңгейде қаруланбағандықтан діттеген мақсатына жете алмады. Біз араласқан күннің өзінде тапсырыс беруші тарап веб-порталдағы актіге қол қойды да, қағаз түріндегі нұсқасына сол күйі қол қойылмай қалды. Алайда заңда веб-порталдағы актіге қол қойылса болды, әрі қарай кәсіпкер заңды ақшасын сот арқылы талап ете алатыны көрсетілген. Осы талапты негізге алып, біз сотта кәсіпкердің мүддесін қорғай алдық,дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Салават Құлмахан.

    Кәсіпкердің талап арызы облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында қаралды. Осы жылдың 26 ақпанында судья екі тараптың уәждерін тыңдай келе, «Байтерек-Групп+АА» ЖШС-нің Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен қарыз сомасын өндіру туралы талап арызын толық қанағаттандыру туралы шешім шығарды. Мұнан өзге, аудандық бөлімге кәсіпкерге төлейтін 5 млн.28 мың 800 теңгемен қоса, 150 мың 864 теңге сот шығынын қоса төлеуді, осылайша 5 млн.179 мың 664 теңге төлеуді міндеттеді.

    Кәсіпкердің ақшасы шілде айында төленеді деп күтілуде.

    қатысты посттар

    Қызылордада Сырдария өзенінің арнасын тазарту жұмыстары жүріп жатыр

    Фариза

    «Байқоңырда қорқынышты жағдайлар орын алып жатыр»

    Қытай жасап шығарған глобуста Қазақстан неге жоқ?

    Пікір қалдыру

    seventeen − 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.