-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТТЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК ҚОРЫ ЖЕТКІЛІКТІ

    Бұл туралы Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасарыЛәззат Қашқынбаева БАҚ өкілдеріне бергенсұхбаты кезінде айтты.

    – Қаламызда дәрі тапшылығы туралы шағым түспегенін, алайда дәріханаларда дәрілердің тез таусылып жатқаны туралы ақпараттар келгенінайта кетейін. Яғни қоймаларда дәрілер бар, бірақ дәріханаларға жеткен соң, тез таусылып қалуда. Қалада 730-дай дәріхана бар. Оның 60%-ы үлкен, қалғаны – кіші дәріханалар. Кіші дәріханаларда дәрілердің қоры аз болады. Ал үлкен компаниялардың дәрі-дәрмек қоры жеткілікті, – деді Л.Қашқынбаева.

    Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасарыдәрілерді мамандардың нұсқауымен ғана қолдану керектігін ескертті.

    Рецептсіз босатылатын дәрілердің сатылуышектелмеген. Бірақ біз бүгінгі жағдайға орай тиістіорындармен меморандум түзуді жоспарлаудамыз. Тағы бір айта кететін жайт, қазіргі күнде халық ғаламтордан көріп, коронавирус инфекциясынадексаметазон дәрісі көмектеседі деп ойлап жүр. Ол– гормондық дәрі. Оны тек дәрігердің нұсқауымен ғана қолдану керек, – деді Л.Рысымбекқызы.

    Ал Шымкент қаласы бойынша Фармацефтикақауымдастығының төрайымы Хадиша Әлжанова дәрілердің жеткізілуі жөнінде өзіндік ережелерібарын тілге тиек етті.

    – Қаламызда соңғы он күндік ішінде жағдай аздапөзгерді. Халық мұны дұрыс түсінуі керек. Шымкентте дәріханалар көп болғанымен, дәрілерді жеткізу ережелері бар. Яғни, ірі компанияларқоймаларына үш айға дәрілік қорларын жинапқояды. Ал біздің дәріханалар бір айлық дәрі-дәрмек қорын алады. Бірақ қалыпты ситуация өзгергенге байланысты және дәрі-дәрмектің көбісі шетелденкелетіндіктен кей дәрілер екі-үш күнге кешігіпжеткізілуде. Дәл бүгін «Зерде» компаниясының мәліметі бойынша дәрілердің барлығы келген. Осы ретте әлеуметтік желіде кіші дәріхана қызметкерлерімен ортақ тобымыз барын айтқым келеді. Бұл топ арқылы кез келген дәріханада қай дәрі таусылғанын біліп, шұғыл түрде жеткізіпотырмыз. Осы орайда дүрлігіп, рецептсізбосатылатын дәрілерді тым артық сатып алыпжатқан қала тұрғындарын сабырға шақырамын! Бүгінде біздің мамандар тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде. Сол себепті жағдайды қалыпты деңгейде ұстаймыз, – деді Х.Дербесқызы.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы қолға алынды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ДӘРІГЕРІ ҚАЗНЕТТЕ ТАРАҒАН БЕЙНЕРОЛИК БОЙЫНША ТҮСІНДІРДІ

    Фариза

    Тараз қаласының автопаркі жаңа автобустармен толықты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.