5 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ПАРТИЯЛЫҚТАР БАЛАЛАРҒА ҚҰАНЫШ СЫЙЛАДЫ!

    “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық және аудандық филиалдары өкілдері 1 Маусым – Балалар құқықтарын қорғау күніне орай қаладағы бірқатар аз қамтылған көпбалалы отбасыларға барып, балаларды мерекемен құттықтады.
    «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов көп балалы жағдай төмен бірқатар отбасыға барып балақайларға сый құрмет көрсетті. Солардың бірі Гулчехра Егембердиева 9 баланың анасы, барлығы 2 бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады. Бүгінгі таңда үй кезегінде тұр. Жыл аяғына дейін жаңа кең пәтерде қоныс тойын тойлаймыз, деген үмітте.
    -Мемлекеттен әлеуметтік көмек және жәрдемақы аламыз. «Біргеміз» қорынан азық-түлік, 50 мың ақшалай көмек алдық. Бізге үнемі қолдау көрсетіп отырған «Nur Otan» партиясына алғысым шексіз, – деді алтын құрсақты ана.
    – Еліміздің болашағы – жастардың, бүгінгі балалардың қолында! Сондықтан олардың дені сау, білімді, парасатты, еркін ойлы әрі отансүйгіш азамат, дегдар тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау «Nur Otan» партиясы ұстанған саясаттың басым бағыттарының бірі, – дейді «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.
    -Бүгін белсенді партия демеушілері көмегімен жағдайы төмен отбасыларға барып, оларға материалдық және рухани күш-құат беріп қолдау көрсетті. Атаулы күнге орай бүлдіршіндер алған қажетті азық-түлік, ойыншықтар және киім-кешек балалардың жүзіне күлкі сыйлады. Біз тек мереке күндері ғана емес, әрдайым оларды қолдауға дайын екенімізді жеткіздік, – деді Бахадыр Мәдәліұлы.
    Бүгін партиялықтар қала бойынша 40 жуық отбасын халықаралық Балаларды қорғау күнімен құттықтап, азық-түлік жиынтығы және 150 балаға арнап мерекелік сыйлықтар табыстады.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Жалағаштық Әмірбек Жұрынбаев 2 млн.теңге несиемен кәсібін жүргізуде

    Фариза

    Семейде көпбалалы аналарға кезекті көмек көрсетілді

    Қызылорда гарнизонында «Алтын жебе-2020» кешенді тексерісі өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.