-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада ХҚО мамандары 490 азаматты құжаттандырды

    «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Қызылорда облыстық филиалы көші-қон қызметі басқармасымен бірлесіп, құжаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

    Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды құжаттандыру үшін арнайы тұрғылықты жері бойынша баратын мобильді топ жұмысы ұйымдастырылған. Бүгінгі таңда мамандар 490 азаматтың құжаттарын үйлеріне барып рәсімдеген.

    Бұл шараның негізгі мақсаты – халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтардың орталыққа көптеп жиналуын болдырмау және зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Бүгіндежалпы 3 мыңнан астам азаматтардан электронды түрде өтініштері келіп түскен. Арнайы мобильді топ үздіксіз құжаттандыру жұмыстарын жүргізуде, – деді филиал директоры Айдын Қайруллаев.

    Естеріңізге салайық, төтенше жағдай кезеңінде 9 мыңға жуық қызылордалықтардың жеке куәлік мерзімі өтіп кеткен. Осығанорай, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы көші-қон қызметі басқармасымен бірлесіп осындай игі бастаманы қолға алған болатын.

    Осы ретте, бүгін ХҚО мамандары көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен бірге Ұлы Отан соғысы ардагері Бөрібай Құлманов пен зейнеткерлерге дайын болған құжаттарын табыстады.

    Ұлы Отан соғысы ардагері Бөрібай Құлмановтың айтуынша мамандар осыдан 20 күн бұрын үйіне келіп, арнайы формулярмен құжаттарын рәсімдеген. Бүгінде 100 жасқа толуына орай жаңа жеке куәлігін алуда.

    Зейнеткерлерге қолайлы жағдай жасап, үйімізге келіп құжаттарымызды жасап беріп жатқан Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарына ерекше алғысымды білдіремін. Ел үшін жасап жатқан игі еңбектеріңе жеміс тілеймін, – деді ақсақал.

    Айта кету керек, жеке куәлік мерзімі өткен зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандар 1414 байланыс орталығына хабарласып, электронды өтініш білдіруге болады. Өтініш түскеннен соң ХҚО мамандары үйлеріне барып, құжаттандыру жұмыстарын жүргізетін болады.

    қатысты посттар

    Главный санврач Нур-Султана объяснила отказ от прививки против коронавируса

    Фариза

    Қармақшы ауданының 3 ауылы интернетпен қамтылады

    Фариза

    Сыр еліне дәрілік заттар көршілес мемлекеттерден де жеткізілмек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.