Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтіңтөрағалығымен қаладағы инфекциялық аурулардың таралуыбойынша жиналыс өтті. Онда Шымкент қаласындағыэпидемиялогиялық ахуал туралы денсаулық сақтаубасқармасының басшысы Р.Албаев баяндама жасады.
Оның айтуынша, осы жылдың бірінші маусымынан бастап ЖРВИ диагнозымен 1030 және пневмония диагнозымен360 науқас ауруханаға жатқызылған. Яғни, жыл басынанбері пневмониядан көз жұмғандар саны 0,6 пайызға жеткен. Бүгінде пневмония дертін жұқтырып, ауруханаға келіпжатқандар 50 мен 68 пайыз аралығында болып отыр. Демек, алаңдауға негіз жоқ.
«Соңғы бір айдың ішінде пневмония дертіне шалдығып, қаза тапқан науқастардың қант диабеті, артериялықгипертензия, өкпенің ишемиялық аурулары сынды қосалқыаурулары болған. Ал, бүгінге дейін қалада коронавирусинфекциясымен ауырған 1404 азамат тіркелген. Ал, 1027-і азамат аурудың белгілері жоқ тасымалдаушы болыптіркелген. Инфекцияға шалдыққандардың басым бөлігіересек азаматтар. Коронавируске шалдыққан 596 науқас дертінен айығып, ауруханадан шығарылған. Өкінішкеқарай, 14-науқас коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Ал медицина қызметкерлері арасында коронавирусинфекциясының 379 жағдайы тіркелген»,-деді басқармабасшысы.
Шымкент қаласында тек қана коронавирус емес, ЖРВИ мен пневмонияға шағым білдірушілер саны артып отырғанынайтқан қала басшысы эпидемиологиялық жағдайғабайланысты алдын ала карантиндік және провизорлықстационарлар күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ, әкімқаладағы жағдай қатаң бақылауда екенін айтып, тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ екенін жеткізді.
Азаматтардың карантин режимін жаппай сақтамауысалдарынан коронавирус індетінің таралу қаупі күшейіптұрғанын айтқан Мұрат Дүйсенбекұлы қала тұрғындарынақарапайым сақтық шараларын ұстанып, мүмкіндігінше үйдеболуды және қызметіне рұқсат етілген ұйымдарғасанитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтаудыайтты.
Инфекциялық аурулардың көбеюіне байланысты қалаәкімінің тапсырмасымен бүгінге дейін 650 жұқпалы және1240 провизорлы төсек орын ашылса, алдағы уақытта 1500 төсек-орын ашылатын болады. Инфекциялық стационардыжабдықпен қосымша қамтамасыз ету үшін 502 млн. теңгеге, 21 аппарат сатып алынды, қосымша тағы 40 ИВЛ аппарат жеткізілмек.
Г. ҚАПАЛ