-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада су айдындары тазартылуда

    Өңірде бір айлық «Таза су айдындары» атты табиғат қорғау акциясы өтті. Науқанға 300-ге жуық адам қатысып, 55 техника және 7 шағын көлемдегі кемелер жұмылдырылды. Сондай-ақ, 15,9 тоннаға жуық әр түрлі тұрмыстық қоқыстар мен 1722 ау-құралдардың қалдықтары жиналып тазартылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басышысының орынбасары Марат Нұрмағамбетов мәлімдеді.

    Қызылордада «Таза су айдындары-2020», «Уылдырық -2020» атты табиғат қорғау акцияларын кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілді. Яғни, су айдындарына жергілікті атқарушы органдар жұмысшы қызметкерлерімен және жануарлар дүниесін пайдаланушарының күшімен ау қалдықтары жинап, қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді, – деді Марат Жалпақбайұлы.

    Мұнан өзге, «Уылдырық» атты көктемгі балықтардың уылдырық шашып көбею мезгілінде өткізілетін акцияның іс-қимыл графигі бекітіліп, күшейтілген рейд жұмыстары ұйымдастырылды.

    Уылдырық шашып көбею мезгіліндегі рейдтік іс-шаралар барысында 96 бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде 57 іс сот орындарының қарауына жіберіліп, айыппұл салынды. Яғни, балық аулау ережесін бұзушыларынан 62 ау, және 819,6 кг балық тәркіленіп, балық қорына келтірілген залалға байланысты да айыппұл салынып, өндірілуде, дейді Марат Нұрмағамбетов.

    қатысты посттар

    «Өмірімізді қайтеміз енді, амал жоқ» — Арыстағы банк күзетшісі жұмыс орнын тастамай отыр

    Тимур Құлыбаев «Атамекен» ҰКП төрағасы қызметінен кетті

    Фариза

    Алматы тұрғыны Сағынтаевқа сұрақ қойып жатқанда жылап жіберді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six − one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.