Вторник, 9 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте мал шаруашылығын дамытуда 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

    Шымкент қаласында мал шаруашылығы өнімдерін арттырумақсатында жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрайтын 7 іріинвестициялық жоба жүзеге асырылуда.​

    ​Нәтижесінде жыл соңында қосымша 1,5 млн литр сүт, 40 млн дана жұмыртқа, 2 мың тоннадан аса құс еті, 2 500 тонна ет өндіріліп, 210 жаңа жұмыс орны ашылатынболады.

    Қала әкімінің орынбасары Е.Садыр ауыл шаруашылығынысандарына арнайы барып, жұмыстарымен танысты.

    Алғаш болып ЖК «Нормухамедов»  шаруа қожалығынабарды. ЖК «Нормухамедов»  — 2007 жылдан бері бал арасындамытып отырған шаруашылық. Жылына 100,0 тоннаданастам бал өндіреді. Бүгінде 5000-нан астам бал ара ұясыбар.

    Ал, «Зертас» ШҚ  сүт фермасы 2019 жылы Австрия еліненжеңілдетілген несие және мемлекеттік қолдау арқылы 128 бас сүтті-етті бағыттағы (симменталь) асыл тұқымдысиырларын әкелген. Бүгінгі таңда шаруашылықта жалпыІҚМ басы 161-ге жеткен.

    «Тассай құс» ЖШС жылына 40 млн дана тағамдықжұмыртқа өндіруде.

    Қосымша айта өтсек, ағымдағы жылдың 5 айындаШымкентте 5983,4 тонна ет, сүт 19260 тонна, жұмыртқа62,5 млн дана өндірілген. ІҚМ – 82,6 мың бас, қой мен ешкі– 112,2 мың бас, жылқы – 14,6 мың бас, түйе – 29 бас, құс – 953,9 мың басты құрап отыр.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Құрбан айттың бірінші күнінде Шымкент қаласы бойынша 300 мал шалынды

    Фариза

    АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ СӘРСЕНБІ КҮНІ ДЕ ӨТЕТІН БОЛДЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.