-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Егісті сумен қамтамасыз ету барысы тұрақты бақылауда

    Ағымдағы жылы облыста шаруашылықтың барлық түрлері бойынша 182 мың гектарға жуық ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріштің көлемі – 87,9 мың гектар.

    Биыл, пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан, агроқұрылымдардың көктемгі егін егу жұмыстарын өз деңгейінде және уақытында атқаруына барлық жағдайлар жасалды.

    Көктем айларында ауа райы қолайлы болып, дихан қауымы межеленген егісті мерзімінде орналастырды. Қазіргі уақытта шаруашылықтар егісті күтіп-баптау, мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізуде.

    Ендігі кезекте атқарылатын маңызды шара ол – вегетация кезінде егісті суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету. Биыл Сырдария өзені бассейніндегі су қоймаларда жиналған судың көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама аз екені белгілі.
    Сондықтан, шаруашылық құрылымдары жаз айларында суды үнемді пайдалану және артық су шығынына жол бермеу мақсатында, ішкі су жолдарын қамыс құрақтардан тазалау, қашыртқыларға тасталатын суды барынша азайту, атыздардағы су деңгейін тұрақты бақылау, алдын ала насос қондырғыларын орнату тағы да басқа шараларды атқаруы тиіс.

    Осы шараларды атқару бағытында аудандар және Қызылорда қаласы бойынша бекітілген іс-шаралар мен суару каналдары бойынша жоспарлы су алу жұмыстарының барысымен танысу үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы С. Нұрымбетов Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарында жұмыс сапармен болды.

    Басқарма басшысы Әйтек су торабынан алатын Елтай, Соркөл каналдарының, Сол жаға магистралдық каналының 899 бекетіндегі тораптық су көтеру құрылысының және Оң тармақ каналының 111, 211, 317, 420 бекеттерінде, Құрайлы каналының бойындағы су құрылыстарының жұмысын көріп, егілген егісті аралады.
    Сапар барысында су шаруашылығы мекемесінің жауапты мамандары мен аудан әкімінің орынбасарлары ауданаралық каналдар жүйесінде су бөлуді реттеу және су тапшылығы жағдайында атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырды.

    қатысты посттар

    «Ағатай, мені неге тірідей көмдіңіздер?» — балабақшадағы қайғылы оқиға

    Қызылордада 12 канал тазартылады

    Фариза

    «Аңқау елге арамза молда»: Дүйсембинов жас министрге шүйлікті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.