1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Алматыдағы Ұйғыр ауданының атауы өзгертілмек

    Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірдегі Ұйғыр ауданың атауын өзгерту туралы ұсынды, деп хабарлайды Qazweek.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
    Бұл туралы облыс басшысының баспасөз хатшысы Ғалимұрат Жүкел мәлімдеді.
    «Облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына бірінші барды. Ізінше облыс әкімі Амандық Баталов та жетіп, аудандық әкімдікте жиналыс өткізді. Оған ауыл ақсақалдары, ел ағалары және жастар жиналып, мәселені талқыға салды. Көп көтерілген мәселе – Ұйғыр ауданының атын ауыстыру. Сондай-ақ, жиында жастар арасына іріткі салып жүрген үшінші топтың бар екені айтылды. Сол бойынша құзырлы органдар тиісті тексеру жүргізуде», — деді Ғалимұрат Жүкел.
    Баспасөз хатшысының атап өтуінше,  Шонжы атауын Әлмерек, Ұйғыр ауданын Қарадала деп өзгерту ұсынылыпты.
    Сонымен қатар, Алматы облысының әкімі жақына арада аталған мәселені мемлекет басшысына шұғыл жеткізетінін айтты.
    Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында Ұйғыр ауданында жастар жолға таласып, төбелесіп қалғаны айтылған еді. Оқиға салдарынан 20 және 21 жастағы бес жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түскен.

    қатысты посттар

    Жаңақорған ауданы: Биыл 10-нан астам нысан тұрғындар игілігіне беріледі

    Фариза

    Оралда жұмыс істемейтін камераларға 54 млн теңге бөлінген

    Фариза

    Білім кəсіподағы Қыздар университетінің бір топ қызметкерін медальдармен марапаттады

    Пікір қалдыру

    three × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.