Вторник, 25 февраля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Сол жағалаудан қан орталығы салынады

    Қызылорда қаласында жаңа қан орталығы нысаны бой көтермек. Сырдария өзенінің сол жағалауынан 7000 шаршы метр көлемінде үлкен ғимарат салу жоспарлануда. Бұлтуралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов баяндады.

    Қазіргі уақытта сметалық жұмыстары жасалып,мемлекеттік сараптамаға дайындалуда. Алдағы уақытта жаңа мекеме іске қосылады. Қан орталығының базасында 22 109 донор бар. Оның ішінде, белсенді түрде қан тапсырып, өзгелерге үміт сыйлап жүрген жерлестеріміздің саны 700-800 құрайды. Қазіргі таңда қан орталығында жыл басынан бері 7541 адам қан тапсыруға ниет білдіріп, оның3442-і донор болды, – деді сала басшысы.

    Донор болу үшін жасы 18-ге толған, арнайы медициналық тексерілулерден өткен, қан тапсыруға қарсы көрсеткіші жоқ және қан және оның компоненттерін медициналық мақсатта ерікті түрде тапсыратын жеке тұлғалар бола алады.

    қатысты посттар

    Арал ауданында 33 көше жөндеуден өтеді

    Фариза

    Газ бағасы 2024 жылға дейін қымбаттамайды

    Фариза

    «Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз» Kaspi.kz- те орын алған жағдайға байланысты баспасөз хатшысы не деді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + 12 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.