-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРЛЕРІНЕ ЕЛБАСЫНЫҢ АЛҒЫС ХАТЫ ТАПСЫРЫЛДЫ

    Бүгін қала күніне орай Шымкент қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтенов конференц-байланыс арқылы волонтерларды құттықтап,  «Birgemiz» республикалық акциясына белсенді қатысқандарды еліміздің Тұңғыш Президенті, Елбасының Алғыс хатымен марапаттады  

    Волонтерлардың көмегімен «Birgemiz» акциясы шеңберінде қаламызда бүгінгі күнге дейін 107 миллион теңге көлемінде 8500-ге жуық мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіріліп,  жалғызбасты қарияларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға және тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға 1 млн.дана маска тегін таратылды.  

    Бұдан бөлек, волонтерлар зардап шеккен Мақтаарал ауданына 81 миллионнан астам қаржыға  азық-түлік, гигиеналық заттар мен киім-кешектер және техника жөнелтуге қол ұшын созған.  

     — Волонтер болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі.          Сіздер қолға алған жұмыстардың барлығы дәл осындай мейірімділіктің жарқын үлгісі екеніне күмәніміз жоқ. Сіздерге барлық бастамаларыңызға сәттілік, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді  партия филиалының жетекшісі.  

    — Бүгін менің арманым орындалды! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталдым! Бұл менің індет кезіндегі, аппаттар кезіндегі және жастар саясатындағы 6 жыл бойы еңбегімнің жемісі! – деп ерікті Жасмин Ашимова жастарды белсенділікке шақырды.

     

    Кездесу соңында партиялықтар жастар алдағы уақытта да ел игілігі мен еліміздің өсіп өркендеуі жолында аянбай еңбек ететіндігіне сенім білдірді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    «Үлгі аларлық челлендж» Айдын Рақымбаев дәрігерлерге 100 млн теңге бөлді

    Фариза

    «Израиль жалпыға бірдей екпені қателік деп мойындады»

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда құқық қорғау қызметкерлерінің тұрғынды аяусыз ұрған әрекеті видеоға түсіп қалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.