-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    С. Дәулеталин — Шымкентте: Кәсіподақтардың басты талабы — жұмыс орындары мен қауіпсіз еңбек жағдайын сақтау

    Бейсенбі, 18 маусымда ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Шымкентке
    арнайы келді.Сапар аясында мегаполистің ірі автокөлік тасымалдаушысы — 17
    қалалық қоғамдық бағдарларға қызмет көрсететін «ShymkentBUS» Басқару
    компаниясы» ЖШС кәсіпорнының еңбек ұжымымен кездесу барысында
    Сатыбалды Дәулеталин кәсіпорын басшылығы мен кәсіподақ ұйымы
    өкілдерінің назарын жолаушыларды тасымалдау және көліктерге қызмет
    көрсету кезінде еңбек қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтау қажеттілігіне
    аударды.

    «Өкінішке қарай, Қазақстанда коронавирус инфекциясы бар
    науқастардың саны күн сайын артып келеді, Түркістан облысы мен Шымкент
    қаласында жағымсыз көрініс байқалуда. Бүгінде қызметкерлерді жеке
    қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету және барлық санитарлық
    нормаларды сақтау бірінші кезекте болуы керек», — деп атап өтті Сатыбалды
    Дәулеталин.

    Кәсіпорынның автобус паркінде 300 автобус бар, кәсіпорында 700 адам
    жұмыс істейді, оның 440-ы кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымының
    мүшелері болып табылады.

    «ShymkentBUS» ЖШС директорының м.а. Тұңғышбек Туганбековтың
    айтуынша, жуық арада бастауыш кәсіподақ ұйымына кәсіпорынның 60
    қызметкері кірмек.

    Республикадағы төтенше жағдай кезінде COVID-19 пандемиясының
    алғашқы екі айында 130-дан астам қызметкер төлемсіз мәжбүрлі демалысқа
    жіберілді.

    Бағдарлық автобус жүргізушісі Жұбаныш Жұмабековтың айтуынша,
    мәжбүрлі демалысқа жіберілген 70 қызметкер мемлекеттен 42 500 теңге
    көлемінде әлеуметтік көмек алу кезінде мәселеге тап болған.
    «Бұл мәселені ҚРКФ мүше ұйымы – «YNTYMAQ» салалық кәсіподағының
    араласуының арқасында шеше алдық», — деп атап өтті Жұмабеков.
    Кәсіпорында айтқандай, бүгінде бағдарлық автобустардың көпшілігі
    бағытқа шықты, ұжым ауыспалы графикпен жұмыс істейді.
    ҚРКФ төрағасы С.Дәулеталиннің облыстың кәсіподақ активімен кездесуі
    барысында әлеуметтік әріптестік аясындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын

    дамыту және Түркістан облысындағы кәсіподақтар қозғалысын дамыту басты
    әңгіме тақырыбына айналды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының басшысы
    еліміздің кәсіподақтарындағы жұмыс орындарын сақтау мәселесінің
    маңызды рөл алатындығын атап өтті.

    «Кәсіподақтардың бірінші кезектегі міндеті — қиын экономикалық
    кезеңде босатылатын жұмысшылардың құқықтары мен жұмыспен қамтылу
    қажеттілігін қорғау шараларын қабылдау», — деп атап өтті С.Дәулеталин.
    Еңбек министрлігінің мәліметі бойынша, Түркістан облысындағы 36
    кәсіпорында 1544 қызметкер жалақысы сақталмайтын демалыста, 4
    кәсіпорында — 29 қызметкер толық емес жұмыс күніне ауыстырылған, 19
    кәсіпорында — 837 қызметкер 112-бабына сәйкес (Қазақстан
    Республикасының Еңбек кодексі — ред.) бос тұрып қалуға байланысты еңбек
    ақысы сақталып, уақытша жұмыс істемейді.

    ҚРКФ төрағасының айтуынша, жұмыс беруші мен жұмысшылар
    арасында ұжымдық шарттар жасалған кәсіпорындарда қолайлы әлеуметтік-
    еңбек қатынастары қалыптасып, қарапайым жұмысшылардың мүдделері
    мен құқықтары тиімді қорғалған. С.Дәулеталин келтірген мәліметтер
    бойынша Түркістан облысында 4 864 ұжымдық шарт жасалды (жұмыс істеп
    тұрған 6 939 кәсіпорын), қамту 70,1% құрайды.

    «Түркістан облысында шағын бизнес саласында ұжымдық шарттармен
    қамту деңгейі — 65,8%. Әлеуметтік әріптестер ұжымдық шарттарды бекіту
    жұмысын өзектендіруі тиіс», — деп атап өтті ҚРКФ басшысы.
    Бүгінгі күнге дейін ҚРКФ құрамына кіретін Түркістан облысы мен
    Шымкент қаласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың 175 198 қызметкері
    кәсіподаққа мүше болса, бүгін олардың қатарын Қазақстан Республикасы
    Кәсіподақтар федерациясының басшысы Сатыбалды Даулеталин жұмыс
    сапары барысында барған «Жер сыйы» ЖШС ауылшаруашылық
    құрылымындағы жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері
    толықтырды.

    «Жер Сыйы» ЖШС – бір миллионға дейін жеміс дақылдары мен
    жүзімнің таңдаулы көшеттерін өндіретін оңтүстік Қазақстанның стратегиялық
    көшеттігі.

    ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жұмысшыларды кәсіпорында
    кәсіподақ ұйымының ашылуымен құттықтап, еңбеккерлердің негізгі
    кепілдерін ұжымдық шартта бекіту маңыздылығын атап өтті.

    «Ұжымдық шарт – әлеуметтік әріптестер – жұмыс беруші мен
    жұмысшылар арасындағы кәсіпорындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарының
    негізі. Ұжымдық шарттың нормалары қаншалықты тиімді болса,
    жұмысшылардың құқықтарының бұзылу жағдайлары соншалықты аз
    болады», — деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

    Осы күні ҚРКФ басшысы Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы жеміс-
    көкөніс өнімдері мен дәнді дақылдарды өндіретін «Амангелді» ЖШС
    бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысты. Кәсіпорында 550 адам
    жұмыс істейді, оның 250-і тұрақты негізде еңбек етеді.

    Сатыбалды Дәулеталин кәсіпорында қалыптасқан еңбек жағдайына оң
    бағасын беріп, бастауыш кәсіподақ ұйымынан бастап әлеуметтік әріптестер
    арасындағы сындарлы диалогтың маңыздылығын атап өтті.

    «Әлеуметтік әріптестердің өзара келісілген іс-қимылдарының арқасында
    ғана жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде және жалпы
    кәсіпорын қызметінде табысқа қолжеткізуге болады», — деп атап өтті ҚРКФ
    басшысы.

    ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының Шымкент қаласына жұмыс
    сапары барысында кәсіподақтар қозғалысының ардагерлері де назардан тыс
    қалмады. Математика мұғалімі Рысалат Ахметова 30 жылдан астам
    кәсіподақта жұмыс істеген. Жақында 80 жасқа толды. Сатыбалды Дәулеталин
    Рысалат Сафибекқызына тәуелсіз Қазақстанда кәсіподақтар қозғалысын
    қалыптастыру және дамыту ісіне сіңірген елеулі еңбегі үшін алғыс айтып,
    «Кәсіподақ ардагері» кәсіподақ медалімен марапаттады.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент: Табиғи газ тапшылығын толық жою үшін ірі жоба іске асырылуда

    Фариза

    «Менің мектебім» және «Білікті маман» жобалары — болашаққа салынған инвестиция

    ШЫМКЕНТ: ҚЫЛМЫС ДЕҢГЕЙІ 39 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.