22.9 C
Алматы
Среда, 30 июля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервис орталығы іске қосылады

    Қызылорда облысында жыл басынан бері тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 52 427 бірлікке жетті. Бүгінде оның 88,3 пайызы жұмыс жасауда. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов мәлімдеді.

    Кәсіпкерлерді қолдау және оларды одан әрі дамыту үшін елімізде бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылып, осы шаралар аясында өңіріміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері оң серпінге ие болуда. Яғни, биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық елді-мекендерде және Қызылорда қаласында шағын несиелер беру үшін қаржы бөлінді. Атап айтқанда, ауылдық елді-мекендерге бөлінген қаржы есебінен 127 жоба несиелендірілді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында жаңашыл болып танылған жобаларды іске қосу үшін қайтарымсыз гранттар беру конкурсынада қаржы бөлінді, – деді Фердоуси Әбілқасымұлы.

    Мұнан өзге, өңдеуші өнеркәсіп саласын дамытуға бағытталған «Қарапайым заттардың экономикасы» үкіметтік бағдарламасы іске асырылуда.

    Айта кетейік, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында Қызылорда қаласында «Бір терезе» қағидасы негізінде 1 шілдеден бастап «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервис орталығы іске қосылады.

    қатысты посттар

    ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДАҒЫ АУРУХАНАҒА 2 ДАНА ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ (ИВЛ) АППАРАТЫ САТЫП АЛЫНДЫ

    Фариза

    Қазақ қызын шешіндірген атышулы Назар Роллан бұл жолы өзі киімсіз қалды (видео)

    Қызылорда облысы бойынша эпидахуал жайлы ақпарат алу үшін CALL орталығы ашылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen − seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.