-7.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының саяси кеңесі мәжілісінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы қызу талқыланды

    «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының саяси кеңесі мәжілісінде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы қызу талқыланды. Әсіресе жол құрылысы. Қалада қызу жүріп жатқан құрылыстарға қатысты сын-ескертпелер де айтылды.

    Мәжілісте қала әкімі Мұрат Әйтенов жұмыспен қамту жол картасы аясында бөлінген қомақты қаржы мерзімінде игерілуі үшін жұмылып білек сыбана жұмыс істеу керектігін айтты.

    «Бір екі апта болып қалды қала аумағы қирандыларға айналған. Барлық көшелер қазылған. Негізгілері қоғамдық көлік қозғалысы үшін жабылған. Мен бәрін түсінемін біз қаланы көркейтіп жатырмыз, оның әсем болғанын қалаймыз. Алайда барлық жұмыстарды халыққа ыңғайлы етіп жасау қажет. Алынып тасталған бетондар, жол жиектері апатты жағдайларды тудыруда. Ұсынысым — барлығын кезеңімен жүргізу», — деді партия мүшесі Игорь Вербицкий.

    Қаланың инфрақұрылымын жетілдіру бағытында қарқын алған құрылыстың тұрғындарға қолайсыздықтар тудырып отырғанымен, төраға, бұл уақытша, сондықтан, халықты барынша түсіністікпен қарап сабырлық танытуға шақырды.

    Кеңесте «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарлама аясында қаланың инфрақұрылымын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп те баяндалды. Қала аумағындағы елдімекендерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және абаттандыру мақсатында құны 116,8 млрд. теңгені құрайтын 113 нысанның құрылысы мен күтіп ұстау жұмыстарына бюджеттен 40,42 млрд. теңге бөлінген.

    Нұрлан Жаманкөз, Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шрауашылық басқармасы басшысының м. а.: «Ауыз су бойынша 27 нысан 9,1 млрд,  кәріз жүйесі бойынша 10 нысаннға 1,7 млрд. теңге тебөлінді. Жол бойынша 13 нысанның құрылысына  2 млрд. теңге бөлінген».

    Биыл 69 нысанның жұмыстарын аяқтау көзделген. Қалған 44-інің жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Басқармаға 19 мемлекеттік бағдарлама аясында бюджеттен 53,1 млрд. теңге бөлінген. Оның әрбірі тиісті деңгейде жұмсалады деген жауаптылардың есебіне саяси кеңес мүшелері оң бағасын берді.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: 10 ЕЛДІМЕКЕН САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНА ҚОСЫЛАДЫ

    Фариза

    Таразда бала қауіпсіздігіне негізделген жаңа жоба іске қосылды

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданында ашық спорт алаңшалары пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.