-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020»: Қызылордада құрылыс-монтаж жұмыстары басталады

    Биыл Қызылордада «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» аясында 5 нысанға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл туралы облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.

    Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы 5 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Атап айтқанда Ақжарма елді мекеніндегі Н.Тасымова №60 көшесінде орналасқан ғимаратты медициналық базасы ретінде қайта жаңғырту, №6 облыстық олимпиадалық резевтің мамандандырылған балалар-жасөсіпірімдер мектебіне қарасты футбол алаңын қайта жаңғырту, Қызылорда қаласы Е.Әуелбеков көшесі № 5 мекен жайындағы филармония ғимаратына қосымша құрылысы, Жанақорған ауданының Шалхия кентіндегі 150 орынға арналған ауыл клубын салу, Қызылорда қаласы Гидроузел көшесі №21 мекен-жайынан салынатын байдарка және каноэ есу базасы құрылысы. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталып, құрылысты бастау үшін рұқсат хабарламалары алынды, – деді Арнұр Әлібекұлы.

    Айта кетейік, жұмыспен қамту орталығына 1 нысан бойынша 35 жұмысшы алуға өтінім қалдырылып, 5 азамат жұмысқа тартылды. Ал қалған 4 нысан бойынша өтінімдер толтырылып, қазіргі таңда әңгімелесу жұмыстары жүргізілуде.

    қатысты посттар

    Астанада жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды

    Фариза

    Қызылорда облысының балық өнімдері 7 мемлекетке экспортталады

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова егін жинау жұмыстарын 15 қазанға дейін аяқтауды тапсырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.