Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Бекболат Тілеуханмен байланыста болған бес адамнан коронавирус анықталды

    Бекболат Тілеуханның қанынан коронавирус 10 күн бұрын табылған, деп хабарлайы Qazweek.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

    Үй карантинінде жатқан депутаттың денсаулығы күрт нашарлаған соң аурухана жатқызылыпты. Телеарна журналистері ем-дом алып жатқан мәжілісменге қоңырау шалған.

    «Сөйлесуге шамам жоқ, айналайын. Дәрігерлер жауап берсін. Бәрі жақсы. Рақмет, жаным. Ауырып жатырмын», — деп жауап қатқан депутаты.

    Енді депутаттың жанында жүрген көмекшілері мен отбасы мүшелері жаппай тест тапсыруға көшкен. Қазірдің өзінде Тілеуханмен байланыста болған бес адамнан вирус анықталған көрінеді. Ал Мәжіліс үйіндегілер алаңдауға негіз жоқ деп отыр.

    «Қазір Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханнан коронавирустық инфекция анықталып, ол қажетті емдеу курсын қабылдауда. Мәжіліс депутаты осыған дейін қашықтан жұмыс істеу режимінде болған. Бүгінгі таңда депутаттық корпустан да, аппарат қызметкерлерінен де аталған ауру белгілері анықталған жоқ»,- деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    42 500 теңгені алу үшін egov арқылы қалай өтініш жіберуге болады (нұсқаулық)

    Фариза

    «Молаға барып, күлгендері несі?» Желі қолданушылары Iphone пішінінде жасалған құлпытасты видеоға түсіріп, күлген азаматты сынап тастады

    Фариза

    Шымкенттің шағын аудандарындағы көшелерді орташа жөндеу жұмыстары басталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.